ЕҢБЕК ЕРЛІККЕ ЖЕТКІЗЕР, ЕРЛІК ЕЛДІККЕ ЖЕТКІЗЕР

Елімізге бойына ата-бабаларымыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев

БІРІНШІ БӨЛІМ

ЕҢБЕК ЕРЛІККЕ ЖЕТКІЗЕР, ЕРЛІК ЕЛДІККЕ ЖЕТКІЗЕР

узор.jpg

Дүниеде өзі де, өмірде жасаған қадамдары да көркем жандар болады. Бір Жаратушы олардың көкіректеріне — нұр, саналарына — сәуле, жүректеріне — жылу құйса керек. Ондай жандар ақкөңілді, ақыл-парасатты, пәк ниетті кең пейілді болып келеді. Еңбекқорлығы мен іскерлігі бір төбе. Отанға деген сүйіспеншілік пен шынайы патриотизмді осындай адамдардан сезініп, үлгі алуға болады. Қарайсың да сүйсінесің. Өз басым осындай жандардың қатарына Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Семей қаласының Құрметті азаматы, «Ақшың» корпорациясының президенті, қарапайым сөзбен айтқанда көпке сыйлы азамат Марат Серікжанұлы Құрманбайды жатқызар едім.

Облыстық мәслихаттың депутаты өңір, тіпті аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына етене араласып, талай қордаланған мәселелердің күрмеуін шешуге атсалысып жүр. Бұл бағытта әлі де болса тер төгіп, алған бағытынан тайынған емес. Тындырған ісін ауылдағы ағайын да, шаһардағы қалалықтар та біледі.

Біздің қазақта өнерліні алақанға салып аялайтын, төбеге көтеріп, төрге оздыратын, қолдан келгенше сый-сияпат жасап, олардың дарынына қолдау жасап, халық арасында шығармашылықтарын насихаттауда ұйымдастырушылық қабілетімен танылған іскер азаматтар баршылық. Мәдениеттен бөлек, спорт десе ішкен асын жерге қоятындар да бар. Мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, көңілі кірбіңдерге қуаныш сыйлауға асығып тұратындар да жоқ емес. Марат Құрманбай осындай жандардың бірі. Сондықтан болар, қоршаған ортаға сыйлы азаматты туған елі атымтай жомарт атап кеткен.

Кітаптың беттері жазылып, қызу жұмыс жүріп жатқанда кәсіпкер әрі меценатқа қатысты сұрақтар қойып, ойларын білгім келгенде тілдескен жанның бәрінің пікірі бір арнаға тоғысты. Қай-қайсысы да Марат Серікжанұлы жайлы жақсы лебізін жаудырып жатты. Оның барлығын да қолдарыңыздағы туындыдан оқып, білерсіздер. Ал менің байқағаным, бұл азамат — бармын деп асып-таспайтын, ірілік мінезден мүлде ада, қиналғанға қолұшын созудан тартынбайтын, әрі жасаған жақсылығын ешқашан міндетсінбейтін иманды жан. Өзі биязы мінезді, артық сөзге үйірсектігі жоқ адам. Халықтан артық сыншы жоқ. Көпшілік бағалағандай, Марат ағаның бойындағы атаның қаны, ананың сүтімен сіңген ізгі қасиетті байқағанда қазақтың дархан пейілді азаматының амандығын тіледік. Тағы бір аңғарғаным, қалтасына пұл, қорасына мал бітсе, төңірегіне асқақтай көз тастап, өзін басқадан ірі санайтындарға қарағанда ағамыздың табиғаты мүлде өзгеше екен. Мен адами болмысына қысқаша ғана мінездеме берген қарапайым ғана қазақ туралы әлі көп айтылады. Себебі, «Ақшыңның» ширек ғасырлық торқалы тойында атымтай жомарт төңірегінде сұлу сөз өрбімесе тағы болмайды.

Олай болса, осы бір туындыны аталған ұжымның басшысы Марат Серікжанұлы Құрманбаймен болған сүбелі сұхбатпен бастайық.

ҚҰРМАНБАЙ Марат Серікжанұлы,

«АҚШЫҢ» корпорациясының президенті

1c905945-e07f-4533-9a13-c66bb379e108.jpg

Марат Серікжанұлы Құрманбай 1961 жылы 24 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген.

1979 жылы орта мектепті бітіріп, еңбек жолын Семейдің ет-консерві комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастаған.

1985 жылы Жоламан ауылының көше комитетінің төрағасы болып сайланды. 1989-1993 жылдары Семей қалалық кеңесінің депутаты болды.

1987 жылы Семей политехникумын «Инженер-механик», 1994 жылы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ Мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Кәсіпкерлікпен 1988 жылдан айналысады. «Гранит» кооперативінде делдал болып жұмыс істеді, кейіннен «Олжа» фирмасын ашып, басқарды.

1993 жылдан «Семей базары» ЖШС, бүгінгі таңда «Ақшың» корпорациясының президенті.

Еліміздің нарықтық экономикалық өзгерістеріне белсене атсалысып, Қазақстанда демократиялық қоғамның қалыптасуына қосқан жеке үлесі үшін Елбасы Н. Назарбаевтың бірнеше Алғыс хатымен марапатталған. «Ерен еңбегі үшін», «Абай», «Шәкәрім» мадальдарымен марапатталған. Жиыны 20-ға жуық медаль, төсбелгілердің иегері.

«Атамекен» Одағы Ұлттық палатасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімнің кәсіпкерлер арасында қайырымдылық саласындағы «Жыл адамы».

Сауда саттық саласы бойынша республика көлемінде «Жылдың үздік басшысы» атанған.

2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша үздік меценат, 2008 жылы республика көлемінде білім меценаты атанды.

2009 жылы «Алтын Жүрек» ұлттық қоғамдық премиясының «Спортты дамытуға және қолдау көрсеткені үшін» аталымы бойынша лауреат атанды.

2017 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуді ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Алғыс хатымен марапатталды.

Осы жылы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұлы үш биіміздің бірі — Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығын атап өтуге арналған шарада ресми қонақтарды күтуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және торқалы тойдың лайықты өтуіне сүбелі үлес қосқаны үшін арнайы медальмен және Алғыс хатпен марапатталды.

2018 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Марат Құрманбай отандық экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, бiлiмдi дамытуға сіңірген орасан зор еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары мемлекеттік наградалардың бірі «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы базарлары, сауда кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласы қауымдастығының вице-президенті. ШҚО кикбоксинг және тай боксы федерациясының президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері.

Қоғамдық және қайырымдылық жұмыстармен тұрақты айналысады. Мұқтаж жандарға қолұшын беріп, ардагерлерге, сәбилер мен балалар үйлеріне, спортшыларға, мектептерге, қоғамдық ұйымдар мен қорларға, ұлттық орталықтар мен діни конфессияларға, мәдениет және ғылым қайраткерлеріне, дарынды жастарға үнемі демеушілік көмек көрсетеді.

Төрт мәрте Семей қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған. ШҚО мәслихатының депутаты.

Семей қаласының Құрметті азаматы.

БЕРЕКЕСІ МЕН БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН

ЕҢСЕЛІ ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІНЕ СЕНЕМІН

— Марат Серікжанұлы, сіз басқарып отырған «Ақшың» корпорациясы өткен ғасырдың 90-шы жылдарының алғашқы кезеңінде ашылған сауда орны. Ол кездегі заманның қалай болғаны тарихқа аян. Бүгінгі қайнаған тіршілік қалай басталды? Сол кезеңге қайта бір оралыңызшы…

IMG_1019.JPG

— Иә, еліміз егемендік алып, еңсесін енді ғана тіктеп жатқанда барлық салада тоқырау болды. Соның бірі – осы сауда саласы болатын. Бірақ, тәуелсіздіктің таңы атқанына қатты қуанған кез еді. Сондықтан, көкірегімізде егеменді еліміздің іргесін бірге қалаймыз, қалай болғанда да биікке шығарамыз деген ерік-жігер болды. Аянбай еңбек етіп, алдағы асуларды еңсеруге бел будық. 1993 жылы «Семей базары» акционерлік қоғам болып құрылғаны белгілі. Алып держава Кеңес Одағынан бөлініп шыққаннан кейін нарықтық экономиканы игеруге қатысты елімізде заң, салық жүйесі сынды түрлі заңнамалық құжаттар жетілмеген кез еді. Оның үстіне өзімізде де тәжірибе жоқ, әр нәрсенің қыр-сырын біле бермейміз, сондықтан қатты қобалжығанымыз рас. Бір жыл көлемінде құрылыс жұмыстарын қоғамның басқа акционерлеріне тапсырып бергенбіз, бірақ ол жігіттер нәтиже шығара алмады. Құйылған қаржы талан-таражға түсті. Осындай келеңсіздіктер орын алғаннан кейін, тізгінді өз қолыма алдым. «Болар істің басына – жақсы келер қасына» дегендей, бауырларым, туыстарым, қасымдағы көмекшілерім маған үлкен қолдау көрсетті сол кезде. Әсіресе, базар құрылысына қатысты ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда жұбайым Айсұлу Ақанқызының да ерен еңбегін айта кетеу керек. Жасырары жоқ, осы істі біржола тастап кетсем бе деген ой да болды. Бірақ, жанашыр жандар «сенің қолыңнан келеді» деп демеу болғаннан кейін, «көз – қорқақ, қол — батыр» демекші, білек сыбана іске кірісіп кеттім. Міне, содан бері ширек ғасыр уақыт өтіпті. Талай қиындықтарды бастан өткердік, жеткен жетістігіміз бар. Барлығы — маңдай тердің жемісі.

— Ізденіс пен тәжірибе – шеберлік кепілі. Бүгінде өзіндік бағыт-бағдары бар сауда орнын қалыптастыру үшін қыруар жұмыстардың атқарылғаны айтпаса да түсінікті. Алғашқы жылдары өз тараптарыңыздан қандай іс-шаралар қолға алынды, қай шетелдерде болдыңыз, кімдермен іс-тәжірибе алмастыңыз?

— Дұрыс айтасыз, ізденіс болмай, қандай да бір оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Алыс-жақын шетелдерге шықпас бұрын, ең алдымен өзіміздің Алматыға бардым. Шаһардағы орталық базардың инфраструктурасымен, ғимаратымен, ондағы қажетті барлық жабдықтармен жіті таныстым. Ол кезде аталған сауда орнын марқұм Алтынбек Әлпиев ағамыз басқаратын. Сол кісіден көп нәрсені үйрендім. Білгенін айтып, ақыл-кеңесін аямайтын. Осылардың барлығын өзімше зерттеп, зерделеп жүргенде Мәскеуге барып, 1 ай мерзімде арнайы оқып та келдім. Ресей астанасындағы зәулім-зәулім, сол уақыттың талабына сай келетін заманауи сауда орталықтарының жұмысымен таныстым. Жетістіктерді, ілгерілеушіліктерді көре жүріп, жалпы қоғамның базар туралы түсінігін өзгертіп, қайта қалыптастыру туралы ой келді. Ол кезде «базар» десе, елдің көз алдына алыпсатарлар, тұтынушыларды алдап соғатын саудагерлер елестейтін. Осы теріс түсінікті жойып, қарапайым халықты нарықтық экономика заңдылықтарына бейімдейтін «Сауда ережесінің» қабылдау туралы бастама көтердім. Біз секілді кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын тиісті органдар мен ведомстволарға жеткізетін және құқықтарымызды қорғайтын арнайы құрылым қажет болды. Сондықтан, алдымен сауда өнеркәсібі және базарлар қауымдастығын құрдық. Нәтижесінде, 1999 жылы «Семей базары» мен Қазақстан Республикасының сауда өнеркәсібі және базарлар қауымдастығы өзара бірлесе отырып, еліміздің сауда министрлігіне «Сауда ережесін» бекіту жөнінде ұсыныс түсірдік. Осы құжат арқылы Қазақстанда тұңғыш болып сауда орындарының қызметін толық реттеуді және жолға қоюды көздедік. Әйтеу, еңбегіміз еш кетпей, Парламентте аталған ережені бекітіп берді. Құжатта «базар», «сатушы», «тұтынушы» деген секілді түсініктерге толық анықтама беріледі. Бұл – кешенді құжат болды. Себебі, ол кезде сауда орындарын тексеру мен бақылаушы органдар да қаптап кеткен болатын. Заңды да, заңсыз да келіп, тексере беретін. Осы тығырықтан шығу үшін сол органдардың міндеттерін реттейтін, сонымен қатар біздің құқықтарымызды қорғап, міндеттерімізді анықтайтын бірден бір құжат осы болды. Бір сөзбен айтқанда, аталған ереженің арқасында сауда орындарының жұмысын тәртіпке келтірдік. Бір жүйеге топтастырдық. Өзіміздің ішкі жағдайымызды реттеп алғаннан кейін ғана ақырындап шетелдерге шыға бастадым. Атап айтқанда, көршілес Ресей, одан кейін Украина, Франция, Финляндия, Норвегия, Швецияға жол тарттым. Ұзын саны 15-ке жуық мемлекетте болдым. Олардың озық сауда орындарымен, логистикасымен жіті таныстым. Сауданы ұйымдастыру, тауарларды тасымалдау, қоймада сақтау сынды қыр-сырларын көріп, тәнті болып қайттым.

— Сол ізденістер бүгінгі таңда нәтиже берді ме? Көрген, білгендеріңізді Қазақстанға, соның ішінде Семейге, «Ақшың» корпорациясының жұмысына енгізе алдыңыз ба?

— Финляндия, Норвегия, Швеция экологиялық таза өнім өндіруде Еуропада көш бастап тұрған мемлекеттер. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстары мені қатты қызықтырды. Тағы бір айта кетерлігі, Францияда малды «Халал» әдісімен сою жөнге қойылған екен. Қазір сол әдісті біз ерекше меңгеріп алдық. Нәтижесі жаман емес. Осы елде үлкен-үлкен тоңазытқыштарды орнату мен оларды тиімді пайдалануды да үйрендік. Лаборатория жұмысын де әжептәуір реттеп алдық. Мұндағы мақсат – халыққа экологиялық таза әрі сапалы азық-түлік түрлерін ұсыну. Ұлт денсаулығы – ел болашағы, сондықтан сауда орындары ұсынатын өнім тұтынушы денсаулығына кері әсерін тигізбеуі керек. Бүгінгі таңда мемлекеттің алдыға қойған тапсырмаларының бірі де осы. Шетелдік әріптестерімізден үйренгеніміз көп, әлі де болса тәжірибе алмасып, жетістіктерді еселеуге корпорация мүдделі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, корпорацияның негізгі бағыты – халыққа сапалы қызмет көрсету. Сауда орнына келген кез келген тұтынушы өзіне қажетті тауарды сатып алып, қажетті қызмет түрін пайдаланса және оған көңілі толса, онда біздің мақсатымызға жеткеніміз.

IMG_0940.JPG

— Марат Серікжанұлы, ширек ғасырда «Ақшың» корпорациясы жүздеген, тіпті мыңдаған іскер азаматтарға демеу болды. Бүгінде бір-бір кәсіпорын-мекемені басқарып отырған кәсіпкерлер осы жерден түлеп ұшты десек те болады. Бұл, әрине, сіз үшін мақтаныш сезімін ұялататын шығар?

— Әркімге бір сынақ болған тұрағы белгісіз 90-шы жылдардағы ахуал баршамызға аян ғой. Түрлі сала тоқырауды бастан өткеріп, жұмыссыздық дендеген заман болған ол кезде. Қолдарында бір-бір, тіпті қос-қостан дипломдары бар азаматтар «екі қолға бір күрек» таба алмай, сенделіп қалды. Мұғалім де, дәрігер де, инженер де жаппай саудаға кетті. Одан басқа амал да жоқ болатын, себебі отбасын асырау керек. Бәрі де күнкөрістің амалы еді… Солардың көбісі қазір өсіп-өніп, өркендеп, істері өрге басып, белді кәсіпкерлер болып кетті. Жұртты жұмыспен қамтып отыр. Олардың жетістігін көріп, әрине, қуанасың. Алғаш осында келіп, шаруаларын қолға алған азаматтардың алды зейнеткерлікке шығып кеткен. Қазір кейбірінің балалары, тіпті немерелері олардың жолын жалғап, кәсіппен айналысып жүр. Сондықтан, мен «Ақшың» корпорациясын шағын және орта бизнестің инкубаторы деп атар едім. Осы жерде тілге тиек етпеске болмайды, қазір мемлекетіміз де кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Себебі, шағын және орта бизнес отандық экономиканы қозғаушы күштердің бірі. Одан түскен салық белгілі бір өңірдің немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсалады. Халық игілігін көреді. Бұл — жаңа жұмыс орындары деген секілді. Осы бағытты біз де ұстанып отырмыз. Мәселен, менен Ресейден, Қытайдан, Түркиядан кәсіпкерлер келіп орын сұрайды. Олар жүздеген шаршы метр орынды иеленіп, сауда ұйымдастыруды көздейді. Мен әр кездесуімде оларға мұндай мүмкіндік бере алмайтындығымды айтамын. Себебі, осы жерде талай жылдар еңбек етіп келе жатқан жерлестерімді қалай далаға 1.jpg

қуып шығам? Бұл – үлкен қателік болар еді. Керісінше, кәсіпкер әрі ұйымдастырушы болғаннан кейін, мен өз отандастарыма жағдай жасап, оларға демеу болуым керек деп есептеймін. Шетелдіктер табыс тапқанша, жерлестерімнің жағдайының оңалғаны маған әлдеқайда жақсы.

Кейінгі 15-20 жылда дүниежүзінде бірнеше қаржылық дағдарыс болғанын жақсы білесіздер. Олардың салқындығы Қазақстанға да тиді. Бірақ, Елбасының сарабдал саясаты мен көрегендігінің арқасында, сонымен қатар Үкіметтің кешенді шаралары нәтижесінде барлығын да еңсердік. Міне, сол кешенді жұмыстардан «Ақшың» корпорациясы да шет қалған жоқ. Осындай қиын кезеңдерде біз кәсіпкерлерге түрлі қолдау көрсетіп, олардың орнын сақтап қалуға мүмкіндіктер жасадық. Қалай болғанда да іскер азаматтар жұмыс істеп, табыс тапсын деген қағиданы ұстандық. Сауда орындарының ақысын бірнеше пайызға төмендеттік.

— Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдауды қаншалықты сезініп отырсыздар?

— Шағын және орта бизнес – экономиканының күре тамыры. Еуропа елдері осы қағиданы ұстанады. Қазақстан да осы бағыттан жаңылмай келе a344eb79-2f0a-4ffe-a973-f4a9d401a7ea.jpg

жатыр. Кез келген шаһардың гүлденуі, оның бюджеті солардан түскен салықтық түсімдермен реттеледі. Халықты жұмыспен қамтып отырғандар да осы салада еңбек етіп жатқан іскер азаматтар. Мемлекет тек тиісті заңнамалар мен нормативтік құжаттарды жасақтап, олардың дамуына жағдай жасап беру керек. Өздеріңіз білесіздер, 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнес өкілдерін тексеруге мораторий жариялады. Бұл – жалпы елдегі кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау болды. Сәуірдегі Жарлығында мемлекет басшысы «Менің Жарлығымның жүзеге асуы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті жағдайды түбегейлі жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл — бизнес жүргізіп отырған әрбір қазақстандық үшін нақты көмек. Кәсіпкерлердің жұмыс жағдайын ұдайы жақсартып отыру жайы әрқашан мемлекеттің басты назарында болады. Бұл — Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жолындағы тағы бір маңызды қадам» деп атап көрсетті. Бір жылға созылған мораторий отандық бизнесті бір серпілтіп тастады.

20195f7f-2ccc-4542-85d9-542c1b396213.jpg Бүгінгі таңда Тимур Асқарұлы Құлыбаев басқарып отырған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да отандық бизнесті өркендетуде кешенді іс шараларды жүзеге асыруда. Төралқа төрағасы аталған саланың көкжиегін кеңейтіп, кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетіп отыр. Айта кету керек, мені мемлекеттік жоғары наградалардың бірі «Құрмет» орденіне ұсынған да осы «Атамекен» палатасы, оны басқарып отырған Тимур Құлыбаев мырза болатын. Бизнестен бөлек спортқа да жанашыр азамататтың ҚР бокс федерациясының төрағасы ретінде де атқарған жұмыстары жетерлік.

Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін жылда мемлекеттен субсидия ретінде қомақты қаржы бөлінеді. Диқандар бұл қолдаудың нәтижесін көріп отыр. Осының арқасында егістік алқаптарда экологиялық таза өнім өндіріліп жатыр. Техника жаңартылуда. Ауыз толтырып айтарлық жұмыс көп, шынымен. Осы тұста айта кету керек, «Ақшың» корпорациясы тұрақтандыру қорымен тығыз қарым-қатынас орнатып, етене жақын жұмыс істеп келеді. Жылда аталған қордың өнімдерін саудалаайтын орындарды тегін береміз. Сонымен қатар, картоп, көкөністің бағасын бақылап, сапасына қатаң бақылау жасап отырамыз. Себебі, өнімнің бағасы нарықтық бағадан асып кетпеуі тиіс.

Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған одан да басқа түрлі кешенді шаралар өз жемісін беруде. Қазір іскер азаматтар «Даму» қоры арқылы, екінші деңгейлі банктерден тиісті құжаттарын ұсынып, белгілі бір сомада несие рәсімдей алады. Осы арқылы талай азаматтар бизнесін өркендетуге мүмкіндік алып отыр. Бұл да мемлекеттің қолдауы. Түрлі бағдарламалар, жобалар да бар. Әркім өз таңдауына қарай, шама-шарқысы келгенше пайдалануларына болады.

Мұның сыртында жер-жерде филиалдары бар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да жұмыс істейді. Олар біздің құқықтарымыз мен мүдделерімізді қорғаушы құрылым. Мысалы, бір кездері базарлар үшін жер салығы 10 есеге дейін көтеріліп кетті. Сол кезде тиісті орындармен бірлесе, бұл қадамның дұрыс емес екендігін Үкімет деңгейінде дәлелдеп, салық көлемін 1 пайызға дейін төмендеттік.

— Ширек ғасыр аз уақыт емес. Өткенге көз жүгіртіп отырғанда жылдар еншісінің «Әттеген-ай!…» дейтін тұстары бар ма?

DSC_8479.JPG

— Бар. Мен кейде өзіммен өзім сырласқанда, осы салада тұралап қалдым ба деп ойлаймын. Сауданы айтып отырмын. Менің білімім, күш-жігерім, қабілетім үлкен бизнесті басқаруға жететін секілді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары ресейлік алпауыт автокөлік компаниясымен бірлесе жұмыс істеуге қызығушылық туындаған болатын. Арнайы келіссөздер де жүргізілді. Бірақ, өкінішке орай жобам жүзеге аспай қалды. Сонымен қатар, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды игеру жұмыстарына да қатты қызықтым. Мүмкіндік болды. Бірақ, «Семей базары» құрылып, басқаруын қолыма алғаннан кейін, бастаған істі аяқсыз қалдырып кетуге тағы дәтім бармады. Міне, осындай «әттеген-айлар» бар. Дегенмен, қазір тәубә деймін. Ел қатарлы өсіп-өніп, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жатырмын деп ойлаймын.

— Егер кәсіпкер болмасаңыз, осындай үлкен корпорацияны басқармасаңыз, өзіңізді басқа қандай мамандық иесі ретінде елестетесіз?

— Азаматтық борышымды өтеп келгеннен соң 3 айдан кейін мені әскери комиссариатқа шақырды. Бардым. Сол жерде маған Мәскеудегі Дзержинский атындағы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебіне оқуға бару туралы ұсыныс жасады. Содан үйдегілермен ақылдастым, анам бар деп кеңес берді. Бірақ, санаулы күндерден кейін шешем балалардың үлкені болғаннан кейін бе, «маған көмектесесің, шаңыраққа бас-көз боласың» деп жібермеді. Сонымен ол ұсыныс сол күйі қалып қойды. Негізі, артынан білуімше, ол оқу орнына бір жолдама 4 жылда бір рет қана Қазақстанға беріледі екен. Кім біледі, егер сол кезде Мәскеуге тартып қойсам жағдай мүлде басқаша болған болар ма еді. Ол болмағанда заңгер болар ма едім…

— Сіз бірнеше мәрте Семей қалалық мәслихатының депутаты болдыңыз. Қазір Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутатысыз. «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорын басқарып отырсыз. Корпорация жұмысы тағы бар. Осынау қыруар еңбектің арасында қайырымдылық жасауды да әдетке айналдырғансыз. Осыдан болар сізді сүйген жұртыңыз өзіңізді «атымтай жомарт» атап кеткен…

1 (58).jpg

— Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың «Ұлтыңа, жұртыңа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген жақсы бір қанатты, тағылымды сөзі бар. Қайраткердің осы бір сөзі сіз айтып отырған менің болмысымды айшықтай түсетін секілді. Мен көпбалалы отбасында өстім. Тәрбие де бар. Қолыңнан келіп тұрса, неге көмектеспеске? Бүгінгі дәулетті мен ешқайда алып кетпеймін, бәрі қалады. Сондықтан, қолымнан келгенше мұқтаж жандарға, ардагерлер мен қарттарға, мәдениет пен спорт саласында топ жарып жүрген азаматтарға қол ұшын беруден еш жалыққан емеспін. Аталарымыздың туған жері — Абыралы өңірінің де әлеуметтік-экономикалық жағдайын аз да болса түзеуге атсалысып жүрмін. Енді қазір кімге көмектестім, кімге қолдау болдым дегенді егжей-тегжей айтудың қажеті жоқ шығар. Оны менің қолдауымды сезінген әркім жақсы біледі.

— Марат Серікжанұлы, бүгінгі таңда қоршаған ортаға сыйлы азаматсыз. Дос-жаран, құрдастар, бизнестегі сенімді әріптестеріңіз бар. Қолы ұзын, көкірегі ояу, дәулетті жансыз. Әркім сүйсіне, қызыға қарайтын іскер азаматтың арманы бар ма?

Безымянный-7.jpg — Ең бірінші арманым – ел егемендігінің мәңгілік болуы. Бұл – ата-бабаларымыздың арманы еді ғой. Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр атырап Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасын ер жүрек батырларымыз қылыштың жүзімен, білектің күшімен сақтап қалған жоқ па?! Кешегі Алаш арыстары аңсаған азаттық бұл.

Тәуелсіздік туралы көп айтуға, көп толғауға болады. Егеменді ел болуымыздың арқасында та­рихымызды таныдық. Шы­ғар­малары зынданға түскендей болған арыстарымыздың ақ­таң­дақ беттері ашылды. Та­ри­хымыз қайта жазыла бастады. Әсіресе, ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны жүрегі қазақ деп со­ғатын әр адам­­ды қуан­та ал­ғаны дау­сыз. Әр өңір, әр кәсіпорын іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүр­гі­зуге талпы­ныс таныту­ын ана тілімізге құрмет деп түсінген жөн. Мұның бәріне тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп отыр­мыз.

Қай саланы алып қарасаңыз да жылдан жылға қарыштап дамып келеді. Отандық экономика қуаттанды. Өңір-өңір еңселі елордамызға қарап бой түзеп, гүлденіп келе жатыр. Кеше ғана тәуелсіз ел атанған Қазақстанды қазір әлем таныды. Міне, осының барлығы — тәуелсіздіктің жемісі. Сондықтан, осы азаттығымыз мәңгілік болса деген арман менің жүрегімде әрқашан сайрап тұрады. Екіншіден, әр қазақстандық дұрыс жол таңдай білсе. «Отан – отбасынан басталады» деген жақсы сөз бар, әр адам адал еңбек етіп, өз жанұясының бақытты болуына жағдай жасаса деп ойлаймын. Еліміз бейбіт күндерде қанатын кеңге жайып, халықтың бірлігі мен берекесі арта берсе деген арман бар. Балаларымыз, немерелеріміз жамандық көрмесе екен тілек біздікі. Сол ақ мұнар армандарға күмәнмен қарамаймын да, себебі мен патриот ретінде берекесі мен бірлігі жарасқан еңселі елімнің ертеңіне сенемін!

— Қазір ұлдарыңыз ержетті, әрқайсысының өз кәсібі бар. Көпке үлгі, ат байлайтын ұлағатты отбасылардың бірі. Ұлдарды ұяға қондырғаннан, бүгінгі немерелердің сүйікті атасысыз. Немеренің баладан тәтті екені тағы бар. Оларға қандай ақыл-кеңес айтып отырасыз?

Юбилей Маке 409.jpg

— Ең бірінші «білім алыңдар, оқыңдар!» деп құлақтарына құйып отырамын. Себебі, білімсіз, ғылымсыз өмір сүру, даму мүмкін емес. Бұл баяғы заманнан келе жатқан қағида. Балаға берген білім – оның болашағына құйған инвестиция. Осы жерде Елбасының «Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл» деген сөзі еске оралады. Осы бағытты мен де ұстанамын. Сондықтан, білім алу керек, іздену қажет. Заман көшінен қалмай дами беру керек. Қазір жастардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Білім ошақтары бар, қажетті заманауи құрал-жабдықтар жетерлік. Таңдау жаса да, оқи бер.

Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері ілгері дамудың бірден-бір кілті — ғылым мен білім саласын жетілдіру үшін көптеген қадамдар жасады. Осы орайда мемлекетеміз жастардың дамыған қоғамға сай білім алып, бәсекеге қабілетті азамат ретінде қалыптасуына барлық жағдайды жасап отыр. Елбасымыз да қазақ елінің кемел келешегі болашақ ұрпақтың қолында екенін жиі айтады.

Біз қазір күннен-күнге технологиясы дамып, экономикасы ілгері жылжыған білімділердің заманында өмір сүріп жатырмыз. Мұнда тек білімнің күшімен ғана өзіңді өзгелерге таныта аласың. Және келешекте де солай бола бермек. Яғни, болашақтың іргесінің бір кірпіші болып қаланып, елдің ертіңіне айналу жолында терең білімнің орны бөлек.
Екіншіден, спортпен айналысу керек. Салауатты өмір салтын ұстану – жаман әдеттерден қорғайды. Спортпен шұғылданған адам сұлу да сымбатты болып өседі емес пе? Міне, осыларды жиі айтып отырамын. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Салауатты өмір салтын ұстанған жанның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың — жаны сау» немесе «Бірінші байлық — денсаулық» деп бекер айтпаған.

Үшіншіден, адал еңбек ету, «біреудің ала жібін аттамау», жамандық жасамау, өтірік айтпау – ізгі амалдардың бірі. Бұлар енді өзіміздің апаларымыздан, аналарымыздан қалған тәрбие ғой. Мен осыларды өз балаларыма, немерелеріме айтып отырамын.

— Марат Серікжанұлы, отбасы бақытының кілті неде деп ойлайсыз?

— Отбасы – ұлттың тірегі. «Әке — асқар тау, ана — етегіндегі бұлақ, бала — жағасындағы құрақ» деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-бауырларын, қарындастарын сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. Шаңырақта ең бастысы — сыйластық болу керек. Ер адам жұбайын, әйелі ерін сыйлап, бір-біріне түсіністік танытса одан жаман болмайды. Жасырары жоқ, қазір жастарымыздың көбі шаңырақ тігіп, отау құрысымен көп ұзамай ажырасып жатыр. Бұл – қоғамдағы өткір мәселелердің бірі. Атам қазақ «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп текке айтпаған. Ал, жастардың өз өмірлеріне балта шауып, осындай қадамға баруына отбасындағы тәрбиенің де кері әсері болады. Бүгін құдаласып, ертең балаларының сөзін сөйлеп, жас отбасының шырқын бұзып жататындар да осы өзіміздің ересектер.

Баяғыда апаларымыз қыздарын, немерелерін тұрмысқа бергенде құдаларына «Еті — сенікі, сүйегі — менікі» деп жататын. Мұндайды жиі еститінбіз. Осы бір қанатты сөздің мағынасы тереңде жатыр.

Қазір әркімнің басында несие бар. Тойды қарызға жасайды. Одан кейін оны жастардың «мойнына іліп» қояды. Өздері енді-енді үй боламыз деп отырған ерлі-зайыптыларға бұл оңайға соқпайды. Баспана мәселесі сынды көптеген әлеуметтік жағдайлар жастардың ажырасып кетуіне себеп болып отыр. Мұны жасыруға болмайды.

Адамзат баласының ең басты мақсаты – ұрпағына жауапкершілікпен қарау деп санаймын. Шыр етіп жарық дүниеге келген нәрестеге дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рахатын көріп, қуанышқа кенелеріңіз сөзсіз. Демек, баланың бойындағы жақсы қасиеттер отбасынан дариды. Шаңырақтан басталған тәлім-тәрбие балабақшада, мектепте тәрбиешілері мен ұстаздарының ұлағатымен жалғасады. Отбасында ұл мен қыз әуелі мәдениеттілікті үйренеді, содан кейін өзіне тән ар-ұят, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттердің негізін қалайды. Сондықтан жанұядағы ата-ананың бір-біріне деген ыстық махаббаты, жылы қарым-қатынасы, балалардың алдында өздерін дұрыс ұстауы тәрбие үшін ауадай қажет. «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деп қазақ бекер айтпаса керек. Тәрбие көрген бала болашақта өз отбасының бақыт кілтін тауып, ата-баба дәстүрін жалғастырған көпке үлгілі отбасы болады деп ойлаймын.

Қазақ маңдаймызға біткен батыр атамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ…» деген екен. Үлкен мағына мен ой жатыр. Мұң бар астарында. Осы жағдай қоғамды жалғасып келеді. Сол тамырын тереңге жайып, бүкіл қазақ қоғамын жайлап ала ма деп алаңдаймын.

Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Бүгінде ел сүйсінетін, ырысы мен ынтымағы жарасқан қазақ отбасылары да жетерлік.

— Бойыңыздағы жақсы үш қасиетті айта аласыз ба?

— Бірінші, мен достыққа берік адаммын. Адал жандарды қолдап, игілікті істеріне демеу болуға дайынмын. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» дейді қазақ. Жан достарыңның көп болғаны жақсы ғой. Досың болса өмірің – той, жаның – жай, үйің – қызық, түзің – думан. Уаймың жоқ. Қазақ үшін досы бөліспеген қуаныш – қайғы, доссыз көрген қызық – шыжық, дос ортақтаспаған байлық – итке тартқан табақтай қадірсіз. Бұрынғылар осылай айтқан.

Екіншіден, енді бұл қасиетті жақсы деп айтуға болар ма екен, сенгіш адаммын. Кейде сол сенгішттіктен опық жеп те жатам.

Үшіншіден, елімнің нағыз патриотымын. Қазақстанның жарқын болашағы үшін жаныңды бер десе, мен ойланбастан келісер едім. Қазір патриоттар көп. Көп болсын. Бірақ, мен патриотпын деп, құр бекер кеудені соға беруге болмайды. Отанға деген сүйіспеншілік адами қасиеттен басталады. Туған елдің патриоты болу үшін ата-баба тарихын, рухани мәдениетін және салт-дәстүрін, ана тілін жақсы көріп, оны сүйе білу керек. Отан адамның ер жетуіне, білім алуына, еңбек етуіне мүмкіндік жасайды. Олай болса әр азамат өз Отанын қорғап, оның әрі қарай дамып, гүлденуіне өз үлесін қосуы керек. Бұл әркімнің – перзенттік парызы.

— Әлемнің қай жеріне барып, өз көзіңізбен көріп қайтуды армандайсыз?

— Мен АҚШ-ты көрсем деп армандайтынмын, ол мемлекетте болдым. Еуропаның бірнеше елдерін аралап қайттым. Менің бір байқағаным, Қытайда болсын, Ресейде болсын адам өзін еркін сезіне алмайды екен. Қайда барсаң да өзіңнің басқа ұлт өкілі екенің бірден білініп тұрады. Ал Америка құрама штаттарына барғанда онда «ақсың, қарасың» демейді. Көшеде ағылған халық. Жүздеген ұлт өкілдері. Бәрі қу тіршілікпен айналысып, өмірлері қайнап жатады екен. Мұхиттың арғы жағында барғанда, мен демократияның не екенін сонда түсіндім. Енді сұрағыңызға жауап берер болсам, осы кейінгі кездері Аляска, Антарктиданы көрсем ба деп армандаймын. Екінің бірінің аяғы тимейтін, әсем де керемет, құпия-сыры таусылмаған жерлер ғой.

— Сұхбат соңында өзіңіздің жобаңыз – «Ақшың» корпорациясына деген жүрекжарды тілегіңізбен бөліссеңіз.

— Тауар болса, тұтынушы табылады. Бизнестің бұлтармас қағидасы осы. Ал өнімнің немесе тауардың түрі мен көлемі артқан сайын, айналымның да өрісі кеңейе түседі. Ол өз кезегінде экономикалық өсімнің серпінінен оң әсер етеді. «Ақшың» корпорациясы осы қағиданы бағыт етіп, кәсіпкерді ыңғайлы жұмыс орнымен, ал тұтынушыны сапалы тауармен қамтамасыз ету мақсатында қарқынды жұмыс атқарып келеді. Қолда бар жетістікпен тұралап қалуға болмайды. Сондықтан, алар асулар мен жүзеге асырар шаруалар әлі де жетерлік. Қорыта келгенде, бұл да Ұлт жоспары – «100 нақты қадамдағы» Елбасының экономикалық өсімге қол жеткізу жөніндегі тапсырмасының қолдау табуының айқын көрінісі.

Ширек ғасырда бағындырған асулар мен жеткен жетістіктеріміз оңайшылықпен келген жоқ. Маңдай тер, ерік-жігер мен ұйқысыз өткен түндердің жемісі. Жанымдағы сол кезде қолдау болған іскер азаматтардың арқасы. Бүгінде білікті, өз ісінің майталманы атанған жандардан құралған команда жасақтадым. «Жалғыздың шаңы шықпайды» демекші, өзара түсіністік пен бір-бірімізге деген шексіз қолдаудың нәтижесінде межеленген мақсаттарды еңсеріп келеміз. Осындағы алдыңғы толқын ағалар, соңымнан ерген бауырларыммен бірге бір отбасындай болып кеттік. Барлықтарының адал еңбектеріне, төзімділік пен шыдамдылықтарына, шексіз сүйіспеншіліктеріне ризашылығымды білдіремін! Әлі талай тың жоспарлар мен кешенді іс-шаралар жетерлік. Сол белестерді бірлесе отырып еңсереміз деген ойдамын. «Ақшың» корпорациясының 25 жылдығы қайырлы, құтты болсын! Бірлік түбі – береке, ынтымағымыз артсын! Ел еңсесі биік болсын!

— Әмин! Сүбелі сұхбатыңызға рахмет! Корпорацияның жарты ғасырлық мерейтойын да атап өтуге жазсын! Биік белестерден көріне беріңіздер!

орнамент.jpg

«АҚШЫҢ»: ШИРЕК ҒАСЫРДАҒЫ ШАРЫҚТАУ