ӘУБӘКІРОВА Алма Медетқызы

орнамент.jpg

А.Аубакирова-гимназия директоры.jpg

ӘУБӘКІРОВА Алма Медетқызы,

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның директоры, «Қазақстан Республикасытәуелсіздігіне 20 жыл»  мерекелік медалінің, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Ы.Алтынсарин», «Білім қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»  төс белгілерінің иегері

ХАЛҚЫНА ЕҢБЕК ҚЫЛҒАН АЗАМАТ

Шәкәрім  төсбелгісімен марапаттау.JPG «Алаш мектебі» деген атпен белгілі бүгінгі Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия ғасырға жуық тарихымен тәуелсіздік тұғырында білімнің шежірелі ордасына айналуда. Осы жылдар ішінде мектеп өз қабырғасынан мыңдаған шәкірттерін түлетіп, тәрбие мен білім берді. Өмірде әр саланың тізгінін ұстаған олар: бірі ғылым, екіншісі спорт пен өнер, заң мен экономика, дәрігерлік тағы да басқа мамандықтарды меңгеріп еліне қызмет жасап, оның өркендеп дамуына үлес қосып келеді. Осы естелік кітап арналып отырған кейіпкеріміз Марат Серікжанұлы да осы мектептің 1979 жылғы түлегі. Мойнына галстук тағып, кеуделеріне значок қадап пионер мен комсомол қатарында балалықтың базарлы көктемін өткерген сол уақыттан бері 40 жыл өткен екен. Мектептің бүгінгі орнынан әжептәуір қашықтықта орналасқан Жоламан ауылынан бауырларын жетелеп, достарымен ойнап – күліп, жердің алыстығына қарамастан қазақ мектебінде білім алудың өзі сол кезде ерлік еді. Бүгінде еңбек майданында уақыт сұранысына үн қосқан, бизнес саласында ойып алар орыны бар азаматтың ісі оның — бүгінгі ерлігі. Иә, бейбіт өмірімізде Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын көтеруде, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, халықтың сұранысына ұсыныс жасауда үлкен орталықты құрып, оның жұмыстарын ұйымдастыруы да көпке үлгі.

Осы бағытта Марат Серікжанұлының қоғамдық қорларды құрып, туған жерінің туын жықпай, оның келешегі үшін бүгіннен алаңдап, үн қатуы да көпті ойландыруы тиіс. Өзі түлеген мектебіне демеушілік жасауда назарынан тыс қалмады. Компьютерлік 5 мектеп.jpg техника білім мекемелеріне санамалап келіп жатқан 1995 жылы оның бір компьютер сыныбын мектебіне сыйлауы нағыз мәрттіктің көрінісі еді. Содан бері техниканың бірнеше «ұрпағы» жаңарса да, мектебінің ертеңі үшін, оның материалдық, рухани дамуына қашанда қол үшін беруде. Мектебіміздің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Марат Серікжанұлының демеушілігімен жарыққа шыққан «Білімнің шежірелі ордасы» атты естелік кітабы, көпшіліктің көңілінен шыққан шығарма болды. Бұл оның өзін оқытып, білім берген ұстаздарына, мектебіне деген құрметі ғана емес, келер ұрпақ үшін үлгі болар өнегелі жол еді. Бүгінде Марат Серікжанұлының жүріп өткен жолын, еңбекте қол жеткізген биіктіктерін, туған жерге, ұлы адамдарға деген тағлымды іс әрекеттерін, келешекке ұстанған бағыт-бағдарын өсіп келе жатқан ұрпаққа паш ету, үйрету, үлгі тұту мақсатында мектепте «Рухани жаңғыру» орталығына арналған кабинет қала, облыс көлемінде алғашқы болып ашылды. Ұстанымы Шәкәрім атамыз айтқан: «Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек» болған мектеп түлегінің қамқорлығына мектептің мұғалімдер ұжымы, ата-аналары, оқушылары өз құрметтерін мектептің «Шәкәрім» төс белгісімен марапаттап көрсетті.

Адамдық борышын халқына еңбек қылуға арнаған Марат Серікжанұлына айтар алғысымыз зор!

орнамент.jpg

«АҚШЫҢ»: ШИРЕК ҒАСЫРДАҒЫ ШАРЫҚТАУ