КӘСІПКЕРЛІК КІЛТІ – БИЗНЕС-ИДЕЯ

Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

БЕСІНШІ БӨЛІМ

КӘСІПКЕРЛІК КІЛТІ – БИЗНЕС-ИДЕЯ

узор.jpg

«Ақшың» корпорациясында еңбек өнімділігін арттырып, бір үйдің баласындай татулықтың озық үлгісін көрсетіп отырған кәсіпкерлердің ауызбіршілігі – көпке үлгі. Бір-біріне сыйлас бауыр, құрметті әріптес көретін олардың бір-бірінен үйренері де көп. Неге десеңіз, нарықтық жағдайда күнделікті ізденісті талап ететін сауда саласы осыны талап етеді. Мамандар мен кәсіпкерелер күнделікті тәжірибе алмасып, заман көшінен қалмауға тырысады. Бүгінгі таңда 25 жылдығын атап өтіп отырған серіктестікте ұзын саны 3 мыңға жуық кәсіпкер сауда қыздырып, нәпақасын тауып отыр. Қай-қайсысымен тілдессең де, осында еңбек етіп жатқандарын мақтан тұтады.

«АҚШЫҢ»: ШИРЕК ҒАСЫРДАҒЫ ШАРЫҚТАУ