ЕЛЕКЕЕВ Ирак Қасымұлы

орнамент.jpg

Ирак Елекеев.jpg

ЕЛЕКЕЕВ Ирак Қасымұлы,

ҚР Еңбек сіңірген заңгері

СПОРТТА ДА ТАНЫМАЛ ҮЛКЕН ТҰЛҒА

Бүгінде Марат Серікжанұлын бизнес пен саясатта ғана емес, спорт саласында да бүкіл елге аты жақсы танымал белгілі спортшы әрі облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі дүбірлі спорт ойындарына, әсіресе жас спортшыларға үлкен демеушілік көрсетіп жүрген меценат азамат деп білемін.

Міне, Мәкеңнің осындай еңбектерінің нәтижесінде қазіргі уақытта әлемдік жарыстарда Қазақстанның көкбайрағын желбіретіп, жоғарғы спорттық жетістіктерге жетісіп жүрген Шығыс Қазақстандық кикбоксинг және тай боксы чемпиондарының және басқа да спорттың қай түріне болмасын тек қазақ жастарының биік тұғырларды бағындыруына меценаттық танытып, қазақ елі мәртебесін асқақтатып келе жатқанын айрықша мақтаныш етеміз.

Өз басым Марат Серікжанұлы Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт қайраткері әрі Шығыс Қазақстан облысы кикбоксинг және тай боксы федерациясының президенті ретінде алдағы уақытта да еліміздің болашағы – жастарды спортпен шыңдап, патриоттық рухта тәрбие беруде өзіндік қомақты үлесін қоса беретініне сенемін.

Спорт – Марат Серікжанұлының жәй әншейін хоббиі немесе ермегі емес, өмірлік кредосы, азаматтық ұстанымы. Демек, Мараттай меценат азаматтар тұрғанда, Семей спорты әрдайым биіктерден жарқырап көрінетініне сенім мол.

орнамент.jpg

«АҚШЫҢ»: ШИРЕК ҒАСЫРДАҒЫ ШАРЫҚТАУ