СЕЙІТХАНОВА Айнұр Тұрарқызы,
«Ақшың» корпорациясының хатшы-референті
Айнұр Тұрарқызы 1984 жылы 27 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.
1991-2000 жылдары Амангелді орта мектебінде, 2000-2002 жылдары Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылында қазақ орта мектебінде оқыды.
2005-2007 жылдары Зеренді ауданындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, 2007-2008 жылдар аралығында аудандағы салық басқармасында маман болып жұмыс істеді.
2010-2017 жылдары Семей қалалық мәслихатында және жеке сот орындаушы конторасында маман болып еңбек етті.
2017 жылдың маусымынан «Ақшың» корпорациясында жұмыс істейді.
Жолдасы Медет Әбілханов – әскери қызметкер. Әйгерім, Керім есімді ұл-қызы бар.
«АҚШЫҢДА» ЖҰМЫС ІСТЕГЕНІМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН
Өзім солтүстік өңірдің қызы болғаныммен, қайнаған тіршілік аясында өмір жолым шырайлы шығыспен, оның ішінде ұлылар мекені атанған киелі Семей шаһарымен түйісті. Бірқатар мекемеде қызмет етіп, жылдар тоғысында аймаққа белгілі «Ақшың» корпорациясынан бірақ шықтым. Мен бұған қуанбасам, өкінбеймін. Неге дейсіздер ғой? Айтайын. Біріншіден, ұжымымыз берекелі. Бір үйдің баласындай тату-тәтті, жүктелген міндеттерді лайықты деңгейде орындауға тырысамыз. Ол үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимарат іші жарық, заманауи қалыпта. Екіншіден, басшылық ұжымдағы әр қызметкердің немесе жұмысшының жағдайын ескеріп, қолдау көрсетуге дайын. Үшіншіден, ізденіс жасауға да мүмкіндік бар. Бұл кез келген маманның шыңдалуына үлкен жол ашады. Мұндағы мақтауға тұрарлық көрсеткіштерді осылайша тізбектеп жаза беруге болады… Серіктестік осы бағытынан таймай, тек игі бастамалардың жаршысы бола берсін деген тілегім бар. Корпорация президенті Марат Серікжанұлы Құрманбай мырза мен Айсұлу Ақанқызы Құрманбай ханымға тек жақсылықтар тілеймін!