РАҚЫПБЕКОВ Төлебай Қосиябекұлы

Төлебай Рақыпбеков.jpg

РАҚЫПБЕКОВ Төлебай Қосиябекұлы,
медицина ғылымдарының докторы,
профессор, PhD Жапония, Шимане университетінің профессоры, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

БАТЫР ТҰЛҒА МАРАТ БАУЫРЫМ!

Марат бауырымның биік тұлға екенін талайлардан естісем де, ақырғы он жылда әбден қанық болдым. Қасиетті Семей қаласында туып, Жоламан кентінің топырағына аунап, Абай бабамыз атын суарған қарт Ертістен нәр алып, халқын сүйген Алаш азаматтарынан үлгі алып, халқымыздың қанын, намысын, ана сүтімен сіңірген бауырым Мараттың қай соқпақ жолмен жүрсе де, өмірдің шыңына бүгінгідей шығатынына күмән жоқ. Саясатпен араласса ұлы қайраткер болатынына, дәрігер болса талай адамның жанын сақтап қалатынына күмәнім жоқ.

Балғын батыл бала бүгінгі күнде халқының қамқоршысы болып отыр. Егемендіктің басынан бүгінгі күнге дейін «Ақшың» корпорациясын ашып, көптеген адамдарды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, салық арқылы арқылы шаһардың әлеуметтік-экономикалық қуаттануына септігін тигізіп отыр. Егемен еліміздің өркендеуі мен қарқынды дамуына үлес қосқан бәйтеректің бірегейі. Марат — белгілі меценат, талай жетім-жесірлер мен қамқорсыздардың жанашыры. Есімдегі бір әңгімені айтып кетуді жөн көріп отырмын. Бірде қара халықтың жағдайы туралы сөйлескенде «Халқымның келешегі үшін жанымды қиуға дайынмын» дегенді айтқан еді. Қайран қалдым, әрі сүйсіндім. Мұндай сөзді тек қана батыр адам ғана айта алады. Марат – өз халқын шексіз сүйетін нағыз батыр. Облыстық маслихат депутаты бола жүріп, атамекені – Абыралы өңірінің, оның ішінде Қайнарға апарар жолдың жағдайын айтып, аталған мәселені талай мәрте көтерген еді. Бұл ісін соңына дейін жеткізіп, нәтижесінде ауқымды шаралардың жүзеге асарына сенімім мол.

Осы ақырғы сайлауда облыстағы бірқатар белсенділер «Марат Құрманбаев пен Төлебай Рақыпбековты «Нұр Отан» партиясының тізіміне енгізбеңдер, екеуі де ешкімге бағынбайды…» депті. «Менің басшым — арым ғана» деген қағида екеуіміздің бойымызға сіңген, қорқатынымыз бір Алла ғана. Сондықтан болар, Маратқа деген көңілімдегі таусылмас құрметім мен жылы сезім бойымды жаулап алған. Бір сөзбен айтқанда «Марат кім?» деген сұрақ туындаса, «Марат — халқын сүйетін батыр тұлға» деп жауап берер едім.

Аса қадірлі Батыр бауырым Маратқа

«Ақшыңың» жиырма беске енді кеп,

Көңілің сенің енді ашылды,

Асырайым деп халқынды.

Қызмет еттін қарқынды,

Қиын да, боранды және ашулы,

Өмір жолына берілмейм деп.

Келдің енді ел сыйлығының шыңына,

Асқар таудай тірек дейміз енді біз.

Халқы үшін жанын берер батыр бауырым,

Әлі де көтеріп келесің жүктің ауырын.

Жоламаннан қанат қақтын балғын боп,

Өмір аштын нұрлы әлемін, шалғын көк.

«Ақшыңың» коңырауын қағады,

Енселеген аға болып қалдын деп.

Жолың жатсын сәттілікке ашылған,

Өн-бойыңда шаттық тұрсын тасынған.

Бақыт, дәулет серігің боп баянды,

Ғұмыр бойы бақ аумасын басыңнан.

Аулақ болсын реніш пен уайым,

Қуаныштар үйір болсын лайым.

Жүз жасыңда ақ сақалың желбіреп,

Ықыласын ыстық қылсын жұбайың.

Аман болсын деп әулетің,

Алладан мен сұраймын.

«АҚШЫҢ»: ШИРЕК ҒАСЫРДАҒЫ ШАРЫҚТАУ