ҒАФУРОВ Аслан, айтыскер ақын
КӨКБАЙРАҚ
Марат Серікжанұлына арнау
О менің дархан далам, шалқар көлім,
Жүргенім шалқып – тасып арқаңда елім.
Қарт Семей қасиетіңнен айналайын,
Ұлдарын ұлықтаған дархан елім.
Осы елдің алдаспаны Марат аға,
Қалқайтып базар салған қақ ортаға.
Ел десе етжүрегі елжіреген,
Бағына бар қазақтың жаратты Алла.
Буынып тәуекелге байлап белін,
Алла деп атқа қонған айбатты ерім.
Тоқсанның тоқырауына дес бермеген,
Халқының қамын жеген қайраткерім.
Бойында болғаннан соң терең нақыл,
Кішіге аға болып береді ақыл.
Жиырма бес жыл халыққа қызмет етіп,
Сүйеу боп «Семей базар» келе жатыр.
Болысып қолдан келсе баршасына,
Тәу етіп туған жердің әр тасына.
Дарынды жастар шықты әр саладан,
Мараттың мәрттігінің арқасында.
«Ер — деген» ол өзіңдей ержүректер,
Бәріне құшақ жайдың кең жүрекпен.
Алаштың ары биік Азаматсыз,
Көгінде көк байрағын желбіреткен.
Өзіңдей ұлтым деген ұлы барда,
Түспейді тұғырдағы туым қолда.
Тәңірім тірек болып әр ісіңе,
Жүз жылдық нәсіп етсін ғұмырды Алла.