ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕНІ – ЕРЛЕГЕНІ!

Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.

ЖЕТІНШІ БӨЛІМ

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕНІ – ЕРЛЕГЕНІ!

узор.jpg

Еңбектің еленгені адамға үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас. Маңдай терің ақталып, мадақ пен марапатқа ие болсаң, шынымен де атқарған ісіңнің нәтижелі болғаны да. Дегенмен, «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбай қандай іс-шара болмасын атақ пен даңқты қуған емес. Өз басынан асатын шаруасы бола тұра, өңірде, аймақта, тіпті ел көлемінде ұйымдастырылатын тағылымды шаралардан шет қалмайды. Кәсіпкердің ықыласы мен қолдауын жұрт жақсы біледі. Риза болған кәсіпорын-мекеме басшылары, ұйымдар мен бірлестік-қоғам өкілдері қолы ашық жанды сол үшін де жақсы көреді.

Адам үшін ең үлкен мерей — елдің, халықтың алғысына, құрметіне бөлену. “Алғыспен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп бұқараның алғысын, үлкеннің батасын алуды қазақ жоғары бағалаған. Алғыс — адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Назарларыңызға «Ақшың» корпорациясы мен оның басшылығы ие болған марапаттарды да жариялауды жөн көрдік. Бұл — сол игі ризашылықтардың бір топтамасы ғана.

орнамент.jpg

орден.jpg

2018 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Марат Серікжанұлы Құрманбай отандық экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, бiлiмдi дамытуға сіңірген орасан зор еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары мемлекеттік наградалардың бірі «Құрмет» орденімен марапатталды.

орнамент.jpg

2.jpg2006 жыл, наурыз. Астана, Ақорда. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы Марат Серікжанұлы Құрманбаевқа. Елімізде жүргізіліп жатқан нарықтық экономикалық өзгерістерге белсене атсалысып, Қазақстанда демократиялық қоғамның қалыптасуына қосқан жеке үлесіңіз үшін Сізге Алғыс жариялаймын. Сізге зор денсаулық, бақыт және Отанымыздың игілігі жолында жаңа табыстар тілеймін. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

1997 жыл, 22 наурыз. Семей. «Семей базары» ЖШС қалалық «Наурыз-97» мерекесінде киіз үйлер байқауында 3-орын алғаны үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады. Қалалық ұйымдастыру комитеті.

1997 жыл, қыркүйек. Семей. Құрметті Марат Серікжанұлы! Сізге қазақ халқының ұлы жазушысы М.О.Әуезовтың 100 жылдығына арналған І халық спорты ойындарын әзірлеп, белсене қатысқаныңыз үшін алғысымды білдіремін! Сіздің баға жетпес үлесіңіз осы шараны шын мәніндегі халықтық мерекеге айналдыруға және спорттың ұлттық түрлерін дамытуда тың дәстүрлер негізін салуға мүмкіндік берді. Сіздің көмегіңіздің арқасында біз өз жерлестеріміздің көңілінде қаламыздың келешекте Семей аймағының спорт пен дене тәрбиесі ордасы ретінде қарыштап дамитындығына деген нық сенім орната алдық. Семей қаласының әкімі Вячеслав Бутин.

2001 жыл, 25 қыркүйек. Алматы. Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер конкурсының демеушісі «Семей базары» ЖШС алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық пен өркендей беруіңізді тілеймін! КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

2001 год, Семей. Награждается дипломом президент ТОО «Семей базары Курманбаев Марат Серикжанович за лучшее оформление юрты к празднованию «Наурыз-2001». Начальник комитета малого, среднего бизнеса и торговли Т. Шакеев.

2002 год, Семей. Уважаемый Марат Серикжанович! Тренерский коллектив и спортсмены благодарят Вас за развитие и пропоганду кикбоксинга и поздравляет с Новым годом! Желают Вам здоровья и побед в ваших начинаниях. Спортклуб «Арлан», старший тренер ВКО К.Смагулов.

2003, қаңтар. Алматы. Аса құрметті Марат Серікжанұлы! Қазақстан Республикасының базарлар және кәсіпкерлерінің қауымдастығы Сізді базарыңыздың 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Сіз еліміздің кәсіпкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін көптен-көп еңбек сіңірген елімізге танымал қоғам қайраткерісіз. Сіздің еңбегіңіз үшін, республика базарларының дамуына қосқан үлесіңіз үшін біздің қауымдастық мүшелері өте сыйлайды, адамгершілігіңіз, кішпейілділігіңіз және қамқоршылығыңыз үшін өте құрметтейді, жақсы көреді.

Сізге мол денсаулық, таусылмас бақыт, әлі де қызметіңізге көп-көп табыстар бола берсін деп тілек айтамыз. Үй ішіңізге құт-береке, бала-шағаларыңызға мол бақыт, ашық және бейбіт аспан, көп жақсылық тілейміз. Той тойға ұласа берсін! Қауымдастық президенті Н. Әбішев.

Семей. Уважаемый Марат Серикжанович! Творческий коллектив вокально-эстрадной студии «ДАР» искренно поздравляет Вас с 10-летним юбилеем ТОО «Семей базары» и желает дальнейшего процветания вашей компании. Пользуясь предоставленной возможностью выражаем свою благодарность за огромный вклад в развитие и процветание культуры в Казахстане. С уважением директор вокально-эстрадной студии «ДАР» С.А.Ракишев.

2003 год, 3 апреля. Алматы. ЮСАИД/Корпорация «Прагма» имеет честь признать лучшей Ассоциацией-партнером 2002 года Ассоциацию рынков и предпринимателей Казахстана за выдающийся вклад в развитие предпринимательства в Республике Казахстан.

2003 год, 22-25 мая. Республика Алтай. Оргкомитет Международного турнира благодарит Президента федерации кикбоксинга и тайского бокса ВКО Курманбаева Марата Серикжановича за огромный вклад в развитие спорта и профессиональную подготовку команды для участия в международном турнире по кикбоксингу в городе Горно-Алтайск. Президент ФКРА и Президент СК «Атака».

2003 год, 25-29 июня. Усть-Каменогорск. Уважаемый Марат Серикжанович! Выражаю Вам благодарность за большую помощь в проведении VІІ областных игр народного спорта и ІV областных детских спортивных игр на призы акима Восточно-Казахстанской области посвященных году аула. Аким Восточно-Казахстанской областы Т.Абайдильдин.

2003 год, сентябрь. Усть-Каменогорск. Дипломом награждается Курманбаев Марат Серикжанович директор рынка «Семей базары» города Семипалатинска в номинации «Лучший руководитель рынка области». Первый заместитель акима области Ю. Швайченко.

2003 жыл, Семей. «Қаланың үздік базары» конкурсының жеңімпазы «Семей базары» ЖШС қала экономикасын дамытудағы жетістіктері, ғимаратты бірегей сәулеттік безендіргені, сауда процесін қазіргі заманның талабына сай ұйымдастырып, іске асырғаны және кәсіпкерлер мен сатып алушыларға сервистік қызметтің жаңа әдістерін қолданғаны үшін дипломмен марапатталады. Конкурстық комиссияның төрағасы А. Бекторов.

2003 жыл, Алматы. ІІ Халықаралық ветеринариялық конгресі ұйымдастыру комитетінің «Үздік ветеринарлық-санитарлық зертхана» номинациясы бойынша Семей қаласының «Семей базары» Құрмет дипломымен марапатталады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т.И.Есполов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария департаментінің директоры М.Т.Мыңжанов.

2006 жыл, шілде. Семей. «Үздік салық төлеуші» аталымы бойынша «Семей базары» ЖШС президенті Құрманбаев Марат Серікжанұлы марапатталады. Семей қаласы бойынша Салық комитеті.

2007 жыл, Өскемен. Семей қаласының «Семей базары» ЖШС ұжымына облыстық «Ізгілікті ниет» марафонына белсенді қатысқаны үшін Алғыс жарияланады. Шығыс Қазақстан аймақтық қорының директоры Н. Аверьячкина.

2007 жыл, Семей. «Наурыз-2007» мейрамы шеңберінде өткізілген «Ең жақсы киіз үй» байқау-бәйгесінде «Кең көлемде қайырымдылық шарасын өткізгені үшін» номинациясы бойынша «Семей базары» ЖШС марапатталады. Ұйымдастыру комитеті.

Семей. Уважаемый Марат Серикжанулы! Руководство Территориального центра социального обслуживания престарелых, пенсионеров и инвалидов г.Семей и Совет аксакалов от имени ветеранов войны и труда благодарят Вас, и в Вашем лице возглавляемый Вами коллектива уважительное отношение к старшему поколению, а именно такой категории пенсионеров, которых обслуживает наше учреждение: одинокие, не имеющие детей и близких родственников, прошедшие суровые годы войны и послевоенные годы восстановления разрушенного хозяйства страны.

Примите наше сердечное спасибо и низкий земной поклон за Ваше доброе, щедрое сердце, за помощь и поддержку в адрес старшего поколения нашего региона, оказавшихся в трудной жизненной ситуации.

Благотворительность – понятие вечное. Все кодексы нравственности, чести определяют главное назначение человеку, пришедшего в этот мир – творить добро, «сеять разумное, доброе, вечное». И сколь бы ни были богаты государства и народы, потребность в доброте не исчезает. Считая своим долгом, потребностью души принять участие в благотворительности Вы следуете высоким заповедям добра и творите добро с большим размахом широты своей души, откликнувшись на наше обращение. Одинокие пожилые люди почувствовали Вашу особую теплоту души, добрую заботу с искренним щедрым жестом. Поступок, который говорит об истинных чувствах и мыслых, они сильнее слов и служат критерием истины. Пусть Вам всегда и всюду сопутствует удача. С уважанием и благодарностью за дань уважения к старшему поколению директор Территориального центра социального обслуживания пенсионеров г.Семей Г.К.Дуксумбаева, Председатель Совета аксакалов, участник ВОВ П.М.Коломин.

Усть-Каменогорск. Управление спорта и туризма ВКО благодарит Курманбаева Марата Серикжановича за поддержку и активное содействие в проведении республиканского турнира по борьбе самбо памяти талантливого полководца Кабанбай батыра. Начальник управления М.Музапаров.

Семей. Құрметті Марат Серікжанұлы! Жоламан «Ақ мешітінің» жамағаты Сізге Алланың жердегі үйі – мешітке іргетасы қаланғаннан бастап, көрсетіп келе жатқан демеушілігіңіз үшін мың да бір алғыс білдіреді. Алланың сізге деген мейірімі, нұры, берекеті мол болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілейміз! Жоламан «Ақ мешітінің» бас имамы Айдын Смасейітов.

013.jpg2008 жыл, Астана. «Білім меценаты-2008» Марат Серікжанұлы Құрманбайға беріледі. ҚР Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев.

2008 жыл, Семей. «Семей базары» ЖШС президенті Марат Серікжанұлы Құрманбаев Абыралы орта мектебінде өткен «Интерактивті оқыту әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» атты қалалық семинарды ұйымдастыру және өткізу барысында көрсеткен көмегі үшін мақтау қағазбен марапатталады. Білім бөлімінің бастығы М. Дүйсенбаева.

2008 год, декабрь. Астана. Курманбай Марат Серикжанулы директор ТОО «Корпорация Ақшың» г. Семей награждается Почетной грамотой за большой вклад в развитие отечественного спорта и материальную поддержку нуждающимся. Председатель Национальной экономической палаты РК Азат Перуашев.

спорт.jpg

2009 год. Астана. Диплом. Ежегодная Национальная Общественная Премия «АЛТЫН ЖҮРЕК». В номинации «За поддержку и развитие спорта» награждается ТОО «Корпорация «Ақшың». Председатель организационного комитета.

с42.jpg

Астана. Асыл дініміздің өркендеуіне өзінің қажырлы еңбегімен үлес қосып, дінімізге жанашырлық танытып, қолғабыс тигізіп жүрген азамат Құрманбай Марат Серікжанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғыс хатымен марапаттаймыз.

Ел тәуелсіздігінің баянды болуына, көркеюіне, халқымыздың рухани дүниесін дамытуға қосқан игі істеріңізге Аллаһ тағала разы болсын! Отбасыңызға Жаратушы Иенің нұры жауып, деніңіз сау, еңбегіңіз жемісті болғай! Алла жолында аянбай еңбек ете беріңіз! Ізгі ниетпен Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

2010 жыл, 1 қыркүйек. Семей. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі және мектеп ұжымына рухани-материалдық көмек көрсеткені үшін «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Серікжанұлы Құрманбайға алғысымызды білдіреміз. №16 мектептің директоры Б.Қ.Құрманғалиева.

2011 жыл, Өскемен. «Ақшың» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Марат Серікжанұлы Құрманбай Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен марапатталады. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В.Ахаев.

2011 жыл, 16 желтоқсан. Өскемен. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық құрметіне, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, туризм, дене шынықтыру және спортты дамыту жолында сіңірген зор еңбегі үшін Құрманбай Марат Серікжанұлы марапатталады. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы М.Сүлейменов.

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Құрмет грамотасымен Марат Серікжанұлы партия бағдарламасын жүзеге асыруғаа байланысты арналған шараларға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін марапатталады. Құрметпен, «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының орынбасары З. Жамалтдинова.

Семей. «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинағының жарық көруіне үлес қосқан қазақ меценаты, кәсіпкер Құрманбай Марат Серікжанұлына қазақ филологиясы факультеті ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетінің деканы Ф. Жақсыбаева.

Сауда үздігі.jpg2012 жыл, қазан. Астана. Қазақстанның сауда кәсіпорындарының «Сауда үздігі-2012» республикалық байқауында «Жылдың» таңдаулы басшысы номинациясында 1-орын алғаны үшін Құрманбай Марат Серікжанұлы Дипломмен марапатталады. ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі сауда комитетінің төрағасы А. Қазыбаев.

2012 жыл, 25-26 сәуір, Өскемен. Сертификат. Құрманбай Марат Серікжанұлы «Депутаттар рөлінің көпқырлылығы» курстық бағдарламасын нәтижелі аяқтағаны жөнінде куәландырады. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры Ж. Тоштыбаев.

Уважаемый Марат Серикжанович! Выражаем Вам искренюю благодарность за вклад в организацию и проведение V Республиканского конкурса народных танцев среди глухих. Желаем Вам крепкого здоровья, неиссякаемого оптимизма и достиженияновых профессиональных вершин. Председатель Семейского регионального филиала «Казахского общества глухих» Омар Ардак.

Құрметті Марат Серікжанұлы! Сіздің қаламыздағы бір жарым ғасырдың куәсі, тарихи жәдігеріміз, имандылық ордасы мешітімізге күрделі жөндеу жұмысына жасаған қайырымдылық көмегіңізге шынайы алғысымды білдіремін! Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. хадисінде: «Кімде кім Хақ Тағаланы зікір етілу мақсатында мешіт салса, Алла Тағала ол пендесіне жаннаттан сарай тұрғызады» деген. Сіздей жүрегі дінім, елім деп соғатын азаматтың ісі көпшілікке үлгі-өнеге. Алла Тағала сіздің адал істеп отырған кәсібіңізге береке берсін! Отбасыңызға амандық, жұмысыңызға жемісті табыс нәсіп етсін! Ізгі ниетпен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы.

2013 жыл, Семей. Құрметті Марат Серікжанұлы! Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткен Мұқан Төлебаев атындағы І Республикалық әншілер байқауының өтуіне демеушілік көрсеткеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сізге және сіз басқарып отырған ұжымызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Алдағы уақытта да жақсы қарым-қатынаста болатынымызға сеніміміз мол. Ізгі ниетпен М. Төлебаев атындағы музыкалық училищенің директоры С.Р.Малаев.

Семей. Құрметті «Ақшың» сауда орталығының президенті Марат Серікжанұлы Құрманбай мырза, Семей қаласының және Жоламан мешітінің жарқын болашағына өз үлесіңізді қосып жүргеніңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт нәсіп етсін! Ізгі ниетпен, Жоламан Ақ мешітінің имамы Рашид Жамалбекұлы.

2013 год, 16 июня. Құрманбай Марат! От имени Полномочного представительства Республики Татарстан в Республике Казахстан и от себя лично выражаю Вам искренюю благодарность за безвозмездный вклад в организацию и проведение регионального праздника Сабантуй-2013 в г. Семее с участием Первого Президента Республики Татарстан Минтимера Шариповича Шаймиева.

Ваше участие в проведении сабантуяв Семее – большой вклад в дело укрепления дружбя между народами России и Казахстана, взаимообогащения культур, в сближении и сотрудничестве Ассамблеи народа Казахстана и Ассамблеи народов Татарстана – идеальных моделей толерантности, добрососедства и человеческих взаимоотношений. Желаем Вам крепкого здоровья, семейного благополучия, успехов и процветания в делах. Полномочный представитель Республики Татарстан в Республике Казахстан А.Р.Хасанов.

2013 жыл, 19 қыркүйек. Алғыс хат ЦентрКредит Банкінің 25 жылдық мерейтойы құрметіне «Ақшың» корпорациясы» ЖШС презденті Құрманбай Марат Серікжанұлына табыс етіледі. ЦентрКредит Банкі ширек ғасыр – 25 жыл бойы әлемнің игілігін арттыруға қабілетті бизнес-идеялар мен жобаларға қолдау көрсетіп келеді. Бұндай үйлесімді серіктестік қандай кезеңде де өзекті болып табылатын құндылықтар – өзара сенім мен құрметке негізделеді.

Ерекше қадір тұтатын еліміздің, қоғамымыздың, ең жақын адамдарымыздың игілігі жолында бізге көрсеткен сеніміңіз, ынтымақтасуға жасаған мүмкіндігіңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.

ЦентрКредит Банкінің көп жылдық қызмет жолы мен табыстары айтуға тұрарлық құбылысқа айналды және бұлай болуына Сіздің де қосқан бірегей үлесіңіз бар.

Арамыздағы өзара іскери қарым-қатынасты дамыту ниеті бізге ерекше жігер береді. Компанияңыздың өсіп-өркендейтініне бүкпесіз сенім білдіре отырып, Сізге ырыс-береке, жаңа жетістіктер және сенімді серіктестер тілейміз! Ізгі ниетпен «БанкЦентрКредит» АҚ Басқарма Төрағасы Владислав Ли.

2013 жыл, желтоқсан. Семей. Құрметті Марат Серікжанұлы! Сіздің ұйымдастыруыңызбен өткізілген жаңа жылдық шырша мерекесіне «Полигон балалары» бірлестігінен қатысқан балалардың және ата-аналарының атынан шексіз алғысымызды білдіреміз! Халықтың игілігіне жасаған еңбегіңіз бен балғын бүлдіршіндердің ілтипаты үшін көрсетіп отырған мейірімділігіңіз әрқашан жемісті болсын! Әрқашанда мерейіңіз үстем, мәртебеңіз жоғары болсын! Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға береке тілейміз! «Полигон балалары» қоғамдық бірлестігі.

2014 жыл, Семей. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын қолдау, әрі ондағы қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсматында өткізілген «Мәңгілік ел – нұрлы болашақ» атты республикалық патриоттық жастар форумының жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткені үшін «Ақшың» корпорациясының президенті Құрманбаев Марат Серікжанұлына алғыс жарияланады. Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры Т.Қ.Рақыпбеков.

2015 жыл, Семей. Құрметті Құрманбай Марат Серікжанұлы! Сіз және сіз басқарып отырған Семей қаласындағы «Ақшың» корпорациясы республикамыз көлемінде ел экономикасын дамыту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға орасан зор үлес қосып келесіздер.

Сіз әр жыл №21 жалпы орта білім беретін мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, материалды-әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап отырсыз.

Биылғы 2015-2016 оқу жылында да мектепте білім алатын балалар үшін ұйымдастырылып отырған «Мектепке барар жол» акциясына белсене қатысып, демеушілік жасағаныңызға ұстаздар, ата-аналар, оқушылар зор алғысымызды білдіреміз.

1.jpg Сізге және сіз басқарып отырған ұжымыңызға мықты денсаулық, бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз! «№21 орта білім беретін мектеп» КММ директоры Т.З.Зейнелов

2016 жыл, Семей. Құрметті Құрманбаев Марат Серікжанұлы! Сізге және сіз басқарып отырған ұжымға 2-сәуір Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай өткізілген «Аутизмді бірге жеңесіз!» атты қайырымдылық акциясына қолдау көрсеткендеріңіз үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз!

Сіздерге денсаулық пен сәттілік, ізгілік пен қуаныш тілеп, бедел мен бақ адал еңбектеріңізге табысты нәтиже әкеліп, абырой мен амандықта болыңыздар деп тілейміз! «Особенный мир» қоғамдық қорының директоры А.Әлімжанова.

2016 жыл, 27 қазан. Семей. Құрметті Марат Серікжанұлы! Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға демеушілік көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіре отырып, шын ниеттен денсаулық, бақыт, игілік, отбасыңызға береке-бірлік, жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Семей қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Н.Тегай.

Құрметті Марат Серікжанұлы! Сізді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Осы атаулы мереке қарсаңында Семей қалалық Достық үйінде «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясын өткізуге қаржылай демеушілік жасап, азаматтық танытқаныңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын. Жаңа жылда еңбегіңізге табыс, мықты денсаулық, сарқылмас бақыт, қажымас қайрат, отбасылық береке тілеймін. Семей қалалық Достық 3.jpgүйінің директоры Б.Көпбаев.

Астана. Құрмет грамотасы. Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға , еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Құрманбай Марат Серікжанұлы марапатталады. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Астана. Құрманбай Марат Серікжанұлы! Елбасы бастамасымен Астана қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын салтанатты мерекелеу шарасына ұйымдастыру тұрғысынан ерекше атсалысқаны үшін марапатталады. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі республикалық комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы.

2017 жыл, Астана. Құрманбаев Марат Серікжанұлы Алаш қозғалысының 100 жылдығын атап өту шарасына ұйымдастыру тұрғысынан ерекше атсалысқаны үшін Алыс хатпен марапатталады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы А. Перуашев.

IMG.jpg

2017 жыл, тамыз. Қарқаралы. Құрметті Марат Серікжанұлы! Ұлы бабамыз Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойын ұйымдастырып өткізуге үлкен үлес қосып, шежірелі өлкеміздің мерейін асқақтатып, абыройын асырғаныңыз үшін Қарқаралы жұртшылығы атынан шынайы алғысымды білдіремін!

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, дала данышпаны, біртуар бірегей тарихи тұлға, әз бабаның күллі қарға тамырлы қазақ баласына ортақ мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге өз үлесіңізді қосып, көпшілікке үлгі болдыңыз. Келешекте де халқымыздың айтулы тұлғаларымен, атақты ұлдарын ұлықтауа, егеменді елімізді көркейтіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалыса беретіндігіңізге сенімдімін.

Құрметті Марат мырза! Шаңырағыңызға шаттық, отбасыңызға құт-береке, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, егеменді еліміздің ертеңі үшін жемісті еңбек ете беруіңізге тілектеспін! Қарқаралы ауданының әкімі Х.М.Мақсұтов.

2017 жыл, Қарауыл. Құрметті Құрманбаев Марат Серікжанұлы! Сізге үш жүзге аты мәлім дала данышпаны, көрнекті ел билеуші аға сұлтан, әрі қажы атанған Құнанбай Өскенбайұлына тұрғызылған ескерткішке көмек жасағаныңыз үшін қор атынан алғыс айтамын. Деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болып, Құнанбайдың рухы қорған болып, ісіңізді құдай қолдап, Алланың рахымы жаусын! Абай аудандық мәслихатының депутаты, кәсіпкер, «Құнанбай қажы» қорының директоры А.С.Белібаев.

2017 жыл, Қарауыл. Құрметті Құрманбаев Марат Серікжанұлы! Сізді ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығымен құттықтай отырып, Алашқа ұлы Абайдай данышпанды сыйлаған, қарадан хан атанған аға сұлтан, текті де тегеурінде бабамыз Құнанбай Өскенбайұлы есімінің ұрпақ санасында қайта жаңғыруына қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында баба ескерткішінің бой көтеруіне, «Дала данышпаны — Құнанбай» атты кітаптың жарық көруіне демеушілік көрсетіп, қолдау білдіріп, ұлылар мекеніне үлкен жанашырлықпен қарайтын азамат ретінде көпке үлгі бола білдіңіз. Азаматтық асыл қасиеттеріңіз арқылы әлі де көптеген игілікті істердің ұйытқысы болады деп сенеміз. Сізге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, қажымас қайрат, сарқылмас күш-жігер тілеймін! Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б.Тәттібеков.

Алғыс хат! Құрметті Құрманбай Марат Серікжанұлы! Сізді қалалық Мәдениет сарайында өткен «Алаштың нар жігіті» байқауына атсалысып, мәдени іс-шараның ойдағыдай өтуіне өз тарабыңыздан үлес қосқаныңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Әрқашан жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болып, еңбегіңізге шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық тілеймін! Семей қалалық Мәдениет Сарайының директоры Нұриден Иманбаев.

Алғыс хат! Құрметті Марат Серікжанұлы! Сізге «Жан жылуы», «Рухани жаңғыру» программаларын өткізуге және Семей қаласының дамуына үлес қосқаныңыз үшін Шығыс Қазақстан облысының Чернобыль ардагерлері атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.Сонымен қатар, осындай Ынтымақтастық пен сыйластық, тәжірибе алмасу негізінде орнаған қарым-қатынасымыз одан әрі нығайып, жалғасын табарына сенімдіміз. Сізге шынайы көңілден зор денсаулық, береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз! ШҚО Чернобыль ардагерлер ұйымының басшысы К.Раздыков, Семей қаласының Чернобыль ардагерлер ұйымының жетекшісі А.Жамбырбаева.

орнамент.jpg

«АҚШЫҢ»: ШИРЕК ҒАСЫРДАҒЫ ШАРЫҚТАУ