ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ – ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП

Халықты ұлт деңгейiне көтеру, яғни, жерi, суы, қазынасы, тiлi мен дiнi бiр болған халық бұқарасын бiрлестiрiп, олардың санасын бiртұтас саяси, әлеу­меттiк, ұлттық санаға жеткiзуде ұлы тарихи мiндеттiң маңызды бiр бөлiгi зиялылардың үстiне жүктеледi.

Мұстафа Шоқай

ЕКІНШІ БӨЛІМ

ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ – ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП

узор.jpg

Елдің өткені мен бүгініне көз жүгіртер болсақ біздің қоғам қашанда зиялы қауымның, алдыңғы толқын ағалар мен салмақты сөзі бар жандардың ой-пікірімен санасқан. Олардың қай-қайсысын айтсақ та, таудан биік беделі, көрегендігі мен алыстан болжайтын асыл қасиеттеріне тәнті боласың. Уәлі сөздерін бағыт етсең, шатыспасың анық. Зиялылардың еліне бергені де көп, парасат-пайымы мол, қуатты топ. Ала білсек, әлі де берері жетерлік өнеге-өрісі кең. Біз, кейінгі толқын соған марқаямыз, соған шүкіршілік етеміз. Ағаларамызға сыртынан қанығып, абырой-атағына, елі үшін еткен еңбегіне тәнті боламыз.

Қайырымдылық, үлкенге құрмет көрсету, өзіңнен кішіге ізет ете білу — ел ағаларының бойларындағы асыл қасиет десек артық емес. «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым – ойлап тұрсаң бес асыл іс» деп хәкім Абай айтып кетсе, тағылымды жолды жалғастырып, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берген де зиялы қауым өкілдері.

Ұлттың ұлттық болмысын анықтайтын, қордаланған мәселерді көтеріп, оған шешім іздейтіндер осы жандар. Егер ол ақын-жазушы болса, өздерінің шебер туындыларымен оқырман қауымды таңғалдырады, қоғам қайраткері болса, жүріп өткен өмір жолын жастарға үлгі етеді, даңқты спортшы болса, бүгінгі ізбасарларына қолдау бола біледі.

орнамент.jpg
«АҚШЫҢ»: ШИРЕК ҒАСЫРДАҒЫ ШАРЫҚТАУ