ТОҚАЕВ Зейнолла Қалымбекұлы

Токаев.jpg

ТОҚАЕВ Зейнолла Қалымбекұлы,

ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім беру ісінің  құрметті қызметкері,Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі,«Құрмет» орденінің иегері.

СЕМЕЙДЕ ҰЛЫЛАР ІЗІМЕН ЖҮРІП, НӘР АЛҒАН ЗИЯЛЫ АЗАМАТ

Марат Серікжанұлы — ел қамын ойлап, адал еңбек етіп, өнегелі өмір көрсетіп келе жатқан Семей қаласының Құрметті азаматы. Ол 1991 жылы бизнеске араласып, «Олжа» деп аталған өз фирмасын ашып, алдына жабық базардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді міндетке алады. Мақсаты орындалғаннан кейін, 1993 жылы «Семей Базары» ЖШС құрып, оның басшысы болды.

Әрине, тәуелсіздік жылдары мекеме айтарлықтай аса зор еңбек атқарды. Тек Семей шаһары тұрғындарын күнделікті азық-түлік, басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуімен бірге, мұқтаж жандарға қол ұшын берумен қатар қоғамдық ұйымдар мен қорларға, ардагерлер Кеңесіне, сәбилер мен балалар үйлеріне, спортшыларға, мектептерге, ұлттық орталықтарға тұрақты демеушілік көрсетіп, мәдениет және ғылым қайраткерлеріне көптеген кітаптардың жарыққа шығуына меценаттық танытып, әсіресе Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Шәкәрімтану мәселелері» атты 5 томдық ғылыми жинақ, «Шығыс Қазақстан энциклопедиясы» және «Семей қасіреті» халық сүйіп оқитын еңбектерді қаржыландырды. Бұл деректер қала және облыс, тіпті республика деңгейіндегі ақпарат беттерінде жазылып, теледидарларда көрсетілді.

Сөз жоқ мекеменің оң ісі, оның басшысына өте байланысты болатынын жете білеміз. Сондықтан мерейтой алдында халық сыйлайтын азамат, Семей шаһарының тумасы, ҚР сауда кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласы қауымдастығының вице-президенті, ШҚО кикбоксинг, тай боксы федерациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері және 2009 жылы құрылған «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының президенті, есімі елімізге аян, бірнеше шақырылым қала, облыс мәслихатының депутаты Марат Серікжанұлы Құрманбай туралы жазбасқа болмас. Олай дейтінім, осы жылдары Жоламан кентінде алғашқы қазақ орта мектебінің салынуы туралы көтерген мәселе оң шешімін тауып, бүгінде №21 орта мектепте бір мыңнан астам қазақ балалары білім нәрімен сусындауда. Су тасқыны апатына орай, жапа шеккен семейліктерге көрсеткен көмегі тіпті өзгеше. 2017 жылы қарға тамырлы қазақ қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығын атап өтті. Алыс-жақыннан жиналған жұрт бабамыздың қастерлі қасиетін тағы бір паш етті. Семей қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы атынан осы тойды өткізуде Марат Серікжанұлы ел-жұрттың ой-санасына, рухани діл-тірлігіне қозғау саларлық іргелі де, сүбелі жұмыстар тындырды. Өйткені, мен осы іс-шараның куәсі болдым.

Марат Серікжанұлының халық алдындағы жасаған еңбектері бағаланып ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Ерен енбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Алғыс» медалдерімен марапатталып, «2003 жылдың үздік меценаты», «Білім меценаты» (2008), «Ізгілікті ниет» марафонына белсенді қатысып, ШҚО «Жыл адамы» танылып, облыс әкімінің Дипломы мен қайырымдылық кубогін иеленді.

Жалпы, адам баласының басынан кешкен ғұмыры — өзі өмір сүріп отырған мемлекетінің бір қазынасы. Ал, сол ғұмыр білім мен біліктен, ғылым мен тәжірибеден, парасат пен ақылдан тұрса, мемлекеттің ми қазанының толғаны. Мемлекет қазынасына айналған есім Марат Серікжанұлы десек артық айтқандық болмас. «Барсам базар тарқап кетіпті» дейтін уақыт емес, асыл ақылдың қоймасына айналған ғибратыңыз әлі де еліңізге жұғысты болсын, мекемеңіз әрдайым жетістіктерге жете беруіне тілектеспін. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс, әрі халқымыздың Марат Серікжанұлы сияқты даңқты ұл-қыздарының есімі халық жадынында жүруі керек. Бұл да патриоттық тәрбиенің бір түрі.

«АҚШЫҢ»: ШИРЕК ҒАСЫРДАҒЫ ШАРЫҚТАУ