Бастауы тереңде жатқан тарихымызға зерделеп үңілер болсақ, елдің өркендеуі мен тыныштығы жолында аянбай тер төгіп, басын бәйгеге тіккен нәзік жандылар аз болмаған. Елін қорғауда кейбір ерлерден озық тұрып, білегіне шоқпар іліп, ұрандап топқа кірген қайсар қыздарымыз қаншама?! Тұран даласының қаһарман қызы Тұмар ханшайымнан бастап, Отан үшін от кешкен Әлия мен Мәншүктің ерлігін қайталап, тәуелсіздік жолында жастық жалыны мен жанын құрбан еткен Ләззат пен Сәбиралардың арасында қаншама тарихи тұлғаларымыз тарих тақтасына есімдерін алтын әріппен жазып кетті.
Ерлік пен елдік жолында еңбек етіп, қайсарлық таныту қазақ қанымызға сіңген асыл қасиеттердің бірі екеніне ешкім дау айта алмас. Тағы сол тарихымызды парақтасақ, рулы елдің ұйытқысына айналған Домалақ, Дарабоз, Гауһар аналар, ұлттың ұлы перзенттерін дүнигеге әкеліп, дала заңымен тәрбиелеп, әлемдік деңгейдегі тұлғаға айналдырған Шоқанның әжесі Айғаным мен Абайдың әжесі Зерелер ұлттық тәрбиемізде әжелер мектебін қалыптастырғанын ешкім жоққа шығара алмас.
Жеріне маңдай терін төгіп, аянбай еңбек еткен кешегі Кәмшат Дөненбаева, салт-дәстүрді насихаттаушы Зейнеп Ахметова, өнердің шыңын бағындырып, халықтың ыстық ықыласына бөленген Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаевалардың ел алдындағы абырой-беделі кімге болса да үлгі-өнеге.
Әйел — тіршіліктің тамыры. Әйел — бір шаңырақтың ұйытқысы. Әйел — ана! Сол нәзік жандылар бүгінгі қоғамда барлық салада, соның ішінде бизнесте белсенділік танытып, егеменді еліміздің жарқын болашағы жолында азаматтармен иық тіресе еңбек етіп келе жатыр. Осындай іскер, аяулы жар, қамқор ана, керек десеңіз сырлас дос әрі ақылшы жандардың бірі – Айсұлу Ақанқызы Құрманбай.
Іскер жан құдай қосқан қосағы Марат Серікжанұлымен қырық жылға жуық бір шаңырақтың астында бақытты да өнегелі ғұмыр кешіп келеді. Көпке сыйлы, елдің құрметіне бөленген жандар.
Тәлімі мол, тағылымы терең өмір мектебі жұмыр басты пенделердің бәріне бұйыра бермейді. Ол араласқан ортаңа, адамгершілік қасиеттеріңе, тынымсыз әрі адал еңбегіңе байланысты. «Бақытты болу сүюмен шектелмейді, ол бір мақсатты қол ұстаса еңсерумен де байланысты» дейді ғұламалар. Осы қағидаттарды ұстанған жандар іскерлік жолда мұраттан айнымай, өмір атты теңізде болашақ айдынға қарай желкен тартып келе жатыр.
ҚҰРМАНБАЙ Айсұлу Ақанқызы,
«Ақшың» корпорациясының вице-президенті
Айсұлу Ақанқызы 1963 жылы 16 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген.
1970-1974 жылдары Жоламандағы №13 мектепте, 1974-1980 жылдар аралығында №21 мектепте білім алды.
1980-1982 жылдары қаладағы техникалық училищеде «Дизайнер-конструктор» мамандығы бойынша оқыды.
Еңбек жолын Н. Крупская атындағы №2 ательеде бастады.
1996 жылдан «Семей базары» ЖШС президентінің кеңесшісі, 1998 жылдан аталған серіктестіктің вице-президенті.
1998 жылы мемлекеттік қаржы институтына оқуға түсіп, 2002 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдады. Білікті экономист-бухгалтер.
Шаңырақта сүйікті жар, аяулы ана. Ұлдары Қуаныш — кәсіпкер, Мәди — мемлекеттік қызметкер, екеуі де елордамыз Астанада тұрады. Кенжесі Азамат – кәсіпкер.
Айсұлу Ақанқызы Ақжан, Шыңғысхан, Әлхан, Ануар, Балжан және Мағжан, Амани есімді балдай тәтті немерелерінің сүйікті апасы.
КӘСІПКЕРЛІК ҮНЕМІ ІЗДЕНІС ПЕН ТАЛҒАМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ
Иә, қазір заман өзгерді. Әркім өз жөнімен тірлік кешуде. Нарық заңы өмірімізге мықтап дендеп алды. Соның нәтижесінде жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің тасын өрге домалатқандар көбейіп келеді. Бәрі қанағатшылық танытып, шүкіршілік дейді. Мен де сол іскер азаматтар дейтін топтың арасында еңбек қылып, жұбайым Марат Серікжанұлының жанында сүрінбей келе жатқаныма қуанамын. Бұл ер азаматтың үлкен қолдауы мен қанатының астына алған қамқорлығының жемісі деп білемін.
Отбасы және іскерлік өмірдегі жеңістерімді — ортақ жемісіміз деп санаймын. Жұбайымның биік өресін көрсететін еңбекқорлығы, ерік-жігері мен ертеңгі күнге деген сенімі болмаса, мұндай шыңды жалғыз бағындыра алмас едім.
Өткен күндерге ойша саяхат жасайтын болсам, бақыт пен қуанышқа толы сәттерім көп болды. Осыған қарамастан, еркелік танытпай, үй тұрмысына, ошақ қасына, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлдім. Біз шаңырақ көтеріп, отау құрған күннен бастап, бір-бірімізді ерекше құрметтеп келе жатқан жандармыз. Соның арқасында қиындығы мен кедергісі көп кезеңдерді бастан өткеріп қана қомай, оларды еңсеруге мүмкіндік туды. Туындаған мәселелерді бірлесе шешіп, шыңдалуға бірге ұмтылдық.
Уақыт қандай жылдам десеңізші… Марат екеуіміз ерте үйлендік. Ол әскерден келе сала, шаңырақ көтеруге бел буды. Жасыратын несі бар, бәріміз де жас болдық. Махаббат, сезім, ғашықтық. Марат бойы биік, жауырыны қақпақтай, иықты, сымбатты жігіт болатын. Құрдастары арасында оған тең келетін ешкім болмады. Қыздардың арманы дерсің! Ғашықтық дегенді сонда ғана түсіндім…
Отбасын құру туралы біздің жауапты шешімімізді екі жақтың да ата-аналары бірден қолдады. Оның үстіне Жоламан кентінде бірге өскенбіз. Мұндағы адамдар бір-бірін жақсы танитыны тағы бар. Сондықтан, үлкен өмірге қадам басқанда Мараттың шаңырақтың тірегі әрі қамқоршысы, сүйікті жар болатынына ешкім шүбә келтірген жоқ.
Бір қызығы, үйлену тойымызды қарыз алып жасадық. Бұл қос ғашықтың бақытына кедергі болмады, бірақ жастықтан болар, көңілім сәл түсіп қалғаны бар…
Әлі есімде, менің ісмерлік қабілетімді байқаған Мараттың анасы туған күніме іс мәшінесін сыйға тартты. Сондағы ойы, жас жұбайлардың қарыздан құтылып, аяқтан тұрып кетуіне көмектесу еді. Бұл ретте жолдасым да аянып қалған жоқ. Еңбек жолын ет комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастаған ол екі жерде еңбек етті. Мен де қарап отырмай, қабілетіме қарай көмектесуге тырыстым. Н. Крупская атындағы №2 ательеде жұмыс істедім. Күндіз тапсырыстар алып, түнде соларды тігетінмін.
Уақыт өте Марат еңбектене жүріп, оқуды ұйғарды. Алдымен техникумды, одан кейін жоғары оқу орнын тәмамдады. Өмірде үлкен жетістіктерге жету үшін білім мен ізденістің қажеттілігін ол сол кезден бастап ойлай бастады. Қарапайым ғана отбасымыз, өзгелермен салыстырғанда ешқандай артықшылығы жоқ болатын. Біз үшін бастысы – өзара түсіністік пен келісім болды. Бір-бірімізді қолдап, бірге қанат қақтық. Болашақты қол ұстаса армандадық, шаттандық. Балаларымыздың алғашқы жетістіктеріне кез-келген ата-ана секілді бірге қуандық. Бұл – өмірдің өзгермейтін жолы екен.
Марат жастығына қарамастан алдына мақсат қоя білетін және оны еңсеруден қорықпайтын. Өздігінен шешім қабылдап, өзіне-өзі сын көзбен қарай білетін. Жеке көзқарасы, ой-пікірі тағы бар. Әр істе тап-тұйнақтай, жұмыс барысы өз ырғағымен жүреді. Кент пен шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды басы-қасында жүріп, әрқашан болған оқиғадан хабардар болып отыратын. Қордаланып, күрмеуі шешілмеген мәселелерді бір жақты ету мен адамдарға көмек қолын созуда данакөз қариялармен ақылдасады. Құрдастары секілді қала мен ауылды абаттандыру мен көгалдандырудағы жұмыстарға көңілі толмайтын. Өнер мен спорттағы адамдарға қатысты әділетсіздікті жаны сүймейтін. Халықтың жақсы өмір сүріп, лайықты деңгейде өмір сүруіне қолынан келгенше жақсылығын аяған жоқ. Отбасына, туыстары мен жақындарына да осындай қабақ танытады.
Екеуіміз де көп балалы отбасында өстік. Ағайын-туысқа, іні-қарындастарға қамқорлық таныту бойымызға бала кезіміздегі тәрбиемен сіңген. Қазір балаларды жеткізіп, балдай тәтті немерелердің қызығын қызықтаған жандармыз. Әлі күнге дейін жақындарымыбен араласып, қызық-қуанышта бірге жүреміз. Бір-біріміздің шаңырағымызға барып, жетістік пен еңсерген белестерімізбен бөлісіп отырамыз. Дастарханымыз жиылған емес. Осындай игі дәстүрдің негізін қалаушы Марат дер едім. Ол бәріне ақылшы да қамқоршы адам.
Осындайда еске түседі… Әу баста, отбасылық достарымыздың бірсыпырасы мені «Ақшың» корпорациясының жұмысына араластыру жөніндегі Мараттың шешіміне кедергі болғысы келді. Бір тобы «әйел адамға мұндай жауапты жұмысты табыстап беру — аса қауіпті» десті. Енді бірі «бизнеске араласқаннан кейін, отбасындағы жұмыстар қараусыз қалады» дегенді алдыға тартты. Үшінші біреулері «нәзік жандылардың мінез-құлқы бизнеспен тіптен сәйкес келмейді» дегенді ойлап тапты. Марат бәрін тыңдап алды. Бірақ, соңғы нүктені өзі қойды. Осылайша, алып корпорацияның вице-президенті болып шыға келдім. Марат қателескен жоқ деп ойлаймын.
Кәсіпкерлік тынымсыз ізденіс пен талғамды қажет етеді, бұл қағиданы бизнестің айналасында жүргендер жақсы білуі тиіс. Ширек ғасырда «Ақшың» қанатын кеңге жайған, заманауи сауда орталығына айналды. Алыс-жақын шетелдерден келген меймандар мұнда бас сұқпай кетпейтін көрінеді. Бұл туралы мен жиі естимін. Ширек ғасырда атқарылған жұмыстардың ауқымдығын айтып жеткізу мүмкін емес. Марат қара бастың қамын ойламады, жанындағы серіктестерін, достарын қолдаумен болды. Тез байып кету мен дәулетін асыру да бірінші мүддесі емес еді.
Оның қоластында еңбек еткен тәжірибесі мол азаматтар мен жалынды жастар қазір талапшыл әрі жұмыста жауапты. Бірлесе еңбек етуге үйренген олардың жетістіктері де аз емес. Бұл — Мараттың басқарушылық қабілетінің ерекшелігі мен өзіне тән ұстанымы болса керек.
Көпке танымал тұлғалармен болған сұхбаттарда тілшілер қауымы ол адамнан «өмірді қайта бастасаңыз нені өзгертер едіңіз немесе қандай маман иесі болар едіңіз?» деген секілді сауалдарды қойып жатады. Тілдесетін адамдар да әртүрлі болғаннан кейін, жауап та сан қырлы. Біреулер жасаған қателіктеріне өкінсе, енді бірі берілген мүмкіндікті уақытында уысынан шығарып алғандарын айтады. Жауаптарды саралайтын болсақ, адамдардың көбі жүріп өткен соқпақ жолдарына тағы бір мәрте таңдау жасайды. Сол секілді мен де өміріме, тағдырыма шағым айтқым келмейді. Маратқа жан-жақты қолдауы үшін ризамын. Сүйікті жарың, ұрпақ жалғасы – балаларың мен немерелерің жаныңда болса, нағыз бақыт деген сол.
Егер өмір беттерін қайта парақтайтын болсам, ешқандай да мазмұнын өзгертпеген болар едім. Жолдасым әр мақсатқа өз күшімен жетті. Сондықтан, бүгінде ширек ғасырлық тарихы бар «Ақшыңды» басқарып отырған Марат – нардың жүгін арқалаған атпал азаматтардың бірі дер едім. Олай дейтін себебім, ол тек қана өз бизнесінің көсегесін көгертуді ойлаған жан емес. Туған жердің гүлденуі мен халықтың әл-ауқатын арттыруда, қоғамда орын алған түрлі мәселелерді шешуде, білім мен ғылымды, өнер мен спортты дамытуда және жамиғат жарасымы мен ұрпақ тәрбиесі жолында аянып жүрген жоқ. Игі істерін жұрт жақсы біледі.
КУРМАНБАЙ Айсулу Акановна, супруга Марата Курманбай, вице-президент корпорации «АКШЫН»
ОН ВСЕГО ДОБИЛСЯ САМ
Наверное, мне как супруге, прожившей уже более тридцати пяти лет совместной жизни, трудно быть объективной по отношению к мужу. Потому что со мной, в моей памяти всегда лучшие периоды, самые счастливые моменты нашей семейной жизни, которых было немало. Но в то же время я могу быть беспристрастной, так как все эти годы Марат видел во мне не только супругу – домохозяйку, мать своих детей, но и друга, помощницу. С первых дней супружества между нами установились доверительные отношения, взаимопонимание и поддержка друг друга, что помогало преодолевать сложные, непростые периоды, решать возникающие проблемы (а у кого их нет или не было?!)
Поженились мы рано, когда Марат только вернулся после службы в армии. Для меня не существовало никого, кроме него: высокий и сильный, красивый и рассудительный,- он был вне конкуренции среди сверстников. Поэтому наше горячее решение создать семью и не разлучаться одобрили близкие с обеих сторон. Благо в родном поселке Жоламановка, где мы оба выросли, все люди как на ладони, и в том, что Марат будет заботливым главой семейства, взрослые не сомневались. Так как особого достатка в наших семьях не было, свадьбу вынуждены были провести в долг, что ничуть не омрачало нашего обоюдного счастья.
Помню, на мой день рождения мама Марата подарила швейную машинку. Она видела, что я люблю и умею шить, и решила помочь молодой семье рассчитаться с долгами, встать на ноги. Для этой же цели Марат, начинавший свой трудовой путь рабочим на мясокомбинате, работал на двух работах, не считаясь со временем, с усталостью. Я помогала, как могла, в меру своих сил. После окончания ТУ №3 работала в ателье №2 им. Крупской. Часто бывало так, что днем работала в ателье, а вечерами шила дома, на заказ.
Затем Марат стал совмещать работу с учебой, сначала в техникуме, затем – в вузе. Стремление расширять кругозор, заниматься самообразованием, не жить одним днем, а думать о перспективе, будущем – вот отличительные черты его характера. А в целом жизнь нашей молодой семьи ни чем особенным не отличалась от быта и жизни других сверстников. Главное, были согласие и любовь, умели дружить, не боялись мечтать, радовались первым успехам детей.
Но в то же время Марат, несмотря на молодость отличался твердой позицией, самостоятельностью и критичностью, собственным взглядом на жизнь. Марат всегда был в центре событий, направленных на улучшение социально-экономической жизни сначала поселка, а потом и города. Чтобы найти пути решения застарелых проблем, помочь людям, он советовался с аксакалами, уважаемыми людьми. Как многие его сверстники, он не мог мириться с существующими недостатками в благоустройстве, с несправедливостью по отношению к талантливым спортсменам, людям творчества и т.п.
Словом, хотел и многое делал, чтобы люди жили лучше, правильно и достойно. Также он относился к семье, родным и близким. Мы оба из большой семьи, поэтому правило заботиться о братьях и сестрах воспитано в нас с малых лет. Сейчас, когда мы уже вырастили детей, радуемся внукам, продолжаем жить в дружбе с братьями и сестрами, не отгораживаемся от проблем и трудностей друг друга, делимся радостью и успехами. А общим стержнем, фундаментом добрых традиционных отношений является сам Марат. Он для всех является непререкаемым авторитетом и добрым советчиком.
Хочу рассказать о том, как некоторые семейные друзья отговаривали Марата привлекать меня к работе в корпорации «АКШЫН». Одни считали, что опасно доверять женщине серьезный бизнес, другие предполагали, что от занятий бизнесом будет недосмотр в домашних делах, третьи считали, что эмоциональность женщин в принципе несовместима с бизнесом. Он, конечно, выслушал все мнения, но решил, что я должна быть рядом. Как показало время, Марат не ошибся, надеюсь, я и в бизнесе смогла стать для него надежным помощником.
Если говорить о торговом центре «АКШЫН», то он стал главным, хоть и не единственным делом моего мужа. Марат имеет все основания, чтобы гордиться тем, как он сумел преобразить рядовой городской рынок в современный торговый центр, ставший достойной визитной карточкой нашего города. Приходилось не раз слышать, что для приезжающих иногородних его посещение – обязательный ритуал. Что здесь, в одном месте люди находят необходимое продукты и товары для дома, для семьи. Покупки делаются в комфортных условиях по конкурентным ценам и в строгом соответствии санитарно- гигиеническим нормам. Как человек, знающий историю развития рынка до уровня современного торгового центра, хочу еще раз напомнить, что за этим – десятилетия целеустремленного труда, неустанное всестороннее изучение вопроса, как улучшить и благоустроить рынок, колоссальные вложения материальных средств. Такой результат стал возможным потому, что как руководитель и предприниматель, Марат в первую очередь вкладывал в дело душу, заботился об интересах дела и команды, а не о быстрой прибыли.
Сейчас Марат является Почетным гражданином Семея, неоднократно избирается депутатом областного маслихата, много лет назад был избран вице-президентом Ассоциации предприятий торговли и услуг Казахстана. Знаки общественного признания его вклада в экономику и социальную сферу города и региона — не просто везение или результат тщеславия. Он заслужил такое признание и уважение трудом и честным отношением ко всему, чем бы ни занимался. Дело в том, что мой супруг и глава большого семейства – патриот не на словах, а на деле. Он за многое болеет душой, не остается равнодушным ко всему, что происходит вокруг, всегда готов бороться за справедливость. Хотя, признаюсь, такая активная жизненная позиция, чувство долга в сочетании с несгибаемостью не дают возможности спокойно жить ни ему, ни тем, кто рядом. Поэтому рядом с Маратом не бывает скучно, просто и легко, зато всегда интересно и полезно для развития, роста личности. Многие молодые ребята, работавшие под его руководством, благодарны за пройденную школу дисциплины, требовательности и ответственности, за то, что научились работать в команде.
Во многих интервью с известными успешными людьми журналисты часто задают вопрос, что бы они сделали, если бы можно было начать свою жизнь сначала. Ответы звучат по-разному. Кто-то вспоминает допущенные ошибки, кто-то сожалеет о том, чего не успел сделать в свое время, но чаще всего люди не собираются переписывать свою жизнь. Так и я, довольна своей жизнью рядом с Маратом, благодарна ему за надежность и поддержку всегда и во всем. Мое счастье быть рядом с ним, быть рядом с сыновьями, внуками.
Думаю, начни мы все сначала, у нас все было бы также, менять ничего не стали бы. Потому что мой муж всего достиг сам, без чьей-либо поддержки и достойно реализовал свой потенциал. Все, что мы имеем теперь, мы создавали сами, своим трудом, своими идеями, целеустремленностью и верой, а его авторитет и репутация подтверждаются делами.