РАҚЫШЕВ Сымбат

IMG-20181127-WA0011.jpgРАҚЫШЕВ Сымбат,

әнші-сазгер

ӨНЕР ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ…

Бұл өмірде талай адамды танып, біліп жүргенмен жаныңа ыстық адам болады екен. Мен сондай жанды Марат Серікжанұлы деп айтар едім. Неге дейсіздер ғой? Сонау 1997 жылы «Жас қанат» байқауына жолдама алып, үлкен өнерге қадам бастым. Сол кезде жаныма жанашыр болған осы Марат ағам еді.

Бұл азаматты өнер деп соққан жүрегі деп айтар едім. Қаншама жастарды қолпаштап, талай жанның жігеріне қолдау болды. Мен солардың қатарындамын.

«Ақшың» корпорациясының ширек ғасырын үлкен қуанышпен қабылдадым. Қуандым. Сүйіндім.

Алғаш өнерге жолдама алғанымда қолдау болған азаматты қалай ұмытайын. Ағам, жайқалған сағам. Әлі де солай болып келе жатыр. Алғаш ән жинағымды да бастырып, жарыққа шығарған да осы ағам еді.

Өнерге, спортқа жанашыр адамар қазір аз. Дегенмен, бір Марат ағама ешкім жетпейді. Жол шығынын, фонограмма жаздыру – бәрін ағам істейтін.

Өнер, өнер, өнер… Қазақ бабам өнерге кенде емес. Кешегі Дина апамыз, Құрманғазы атамыз, бүгінгі Бибігүл апайымыз, Роза… Ағам Бибігүл апайымызды ерекше құрметтейді. Соған қайран қаламын.

Мен Марат Серікжанұлын қазақтың бүгінгі батыры дер едім. Өзінің пікірі, көзқарасы бар. Атымтай жомарт тек мен емес, қызым Айгерім Рақыштың да өнеріне үлкен қолдау көрсетті. Қазір Аyree деген есіммен үлкен сахнада жүр. «Славянский базар» байқауынан жүлдемен оралды. «I’m a Singer Kazakhstan» сында бағын сынауда. Осы жетістіктердің барлығында Марат ағамның үлкен еңбегі бар.

IMG-20181127-WA0010.jpg Жұбайым Әлия Рақышева да өнер адамы. Президент джаз-бэндінің әншісі. Вокалдан сабақ беріп, талай шәкірт тәрбиелеп жүр. Бір сөзбен айтқанда, осындай өнерлі шаңыраққа Марат Серікжанұлы әрқашан қол ұшын беріп, демеп жүреді. Жақында қызымның Семейдегі концертін ұйымдастыруда да қолдау көрсетті. Кабинетінде кездескен сәтімде «өзіңді де, балаңды да жанымнан тастағам жоқ. Енді немерелеріңе қолдау көрсетуге дайынмын» деді. Не деген мәрттік! «Әмин!» деп, төбем көкке жеткендей, риза болып қайттым. Рахмет, сізге аға, Алла ғұмырыңызды ұзақ қылсын!

Бір оқығаным бар еді, кез келген ұлттың мәдениеті болмаса, ол ұлт бола алмайды. Демек, Марат Серікжанұлы ұлттың қамын ойлаған азамат!

Өнер деп соққан жүрегі,

Қазаққа ортақ тілегі!

Алдына келген адамға,

Ақ жарқын көңіл, күледі.

Ағамды менің біледі,

Күллі қазақ жүрегі.

Жоламан мен Шығыстың,

Қайыспайтын тірегі!

Жасай бер аға, жасай бер,

Адымдай бер, баса бер!

«Ақшыңның» 25 жылдығы,

Асулардан аса бер!

Семейдің асқан Мараты,

Жігіттердің қанаты.

Мен айтар ем ағамды,

Жердегі елдің жаннаты!

«АҚШЫҢ»: ШИРЕК ҒАСЫРДАҒЫ ШАРЫҚТАУ